...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

2021 жылға арналған жұлдыз жорамал

жылдык болжам,жылдык жулдыз жорамал,жылдык жулдыз-жорамал,2020 жылгы жулдызнама,жана жулдызнама,жана жулдыз жорамал,тагдырды билу,суйиктинди кайтару,осы жылгы жулдызнама,эротикалык,сексуалдык,

Тоқты белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Әйелдерге.  Бұл жылы олар кез келген ауыртпалықтарға қарамастан, өз өмірлерін оң бағытқа өзгерте алады.

 Өткен жылмен салыстырғанда, бұл жылы сіздің шығармашылық шабытыңыз ашылып, әр істі ерекше ықыласпен тындырасыз. Қаңтар айынан бастап, тамыз айының соңына дейін, айыңыз оңынан туып, айналадағы жандарға өз мүмкіндіктеріңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Алайда, Уран планетасы күшінің әсерінен мінезіңізде бірбеткейлік пайда болып, айналадағы жандармен табысуда кері әсерін тигізетін болады. Ұсақ-түйекке үлкен мән бермей, эмоцияларыңызға сақ болғаныңыз дұрыс. Маңызы бар шешімді қабылдамас бұрын, жеті рет өлшеп, бір рет кесіп, жақындарыңызбен ақылдасқаныңыз дұрыс. Юпитер планетасы өз ісіңізді ашуға септігін тигізеді. Бұл отбасының қаржы бюджетіне біршама үлес қосады. Жылдың бірінші жартысы өзіңізге күтім жасауға қолайлы. Денсаулығыңызға мән беріп, ағзаны күшейту шараларын ұйымдастырыңыз. Қазан айынан бастап, қарама-қарсы топтың мүшелерімен қарым-қатынаста абай болыңыз.

 Еркектерге.  Олар алған бетінен қайтпайтын жандар. 2021 жыл — бедел мен құрметтің артуына септігін тигізетін жыл болмақ.

 Бастаған жобаларыңыз бен жоспарларыңызға атүсті қарамай, оның іске асуына бар күш-жігеріңізді салған кезде ғана, 2021 жылы толағай табыстарға кенелесіз. Бірбеткейлік пен тез келетін ашу жақындарыңызбен қарым-қатынаста кедергі келтіреді. Әсіресе, басшылармен қарым-қатынаста абай болған дұрыс. Оларға сіздің мінезіңіз көк тиын. Өзіңізді сабырлыққа шақырыңыз. Жаз айларында тоқты жұлдызы бойынша туылған ерлер махаббатқа мастанып, романтиканың жетегінде кетеді. Қазан айы мен жылдың соңғы айларында қызметке берілуге тура келеді. Көп ұзамай, қызметте табыстарға кенелесіз.

 Дүниетанымыңызды тереңдетіңіз

Өзіңіздің күш-жігеріңізді алға қойған мақсаттарға жетуге арнаңыз. Құзырыңыздағы барлық істі  жан-тәніңізбен беріле орындаңыз. Сонда ғана жоғары жалақы мен мансаптық өсуден үміттенуге болады.

 Махаббат

Сіздің күшіңіз — әлсіздігіңізде

Ерлі-зайыптылар үшін 14 қаңтардан 12 наурызға дейінгі аралық романтикаға толы болмақ. 15 шілде мен 7 тамыз аралығында жалғызбасты ханымдар бейтаныс жанның назарына ілігіп, оның сый-құрметіне бөленуі мүмкін. Шілде айында алғырлығымен жүрегіңізді жаулап алатын, өзіңізге рухани қолдау көрсететін серіге жолығасыз. Араларыңыздан махаббат ұшқыны зулап өте шығуы мүмкін, бірақ оны өмірлік серігім деп айтуға болмайды. Ал арманыңыздағы жанды жолықтыру уақыты қыркүйек-қазан айларына сәйкес келеді. Ішкі сезіміңіз де оның сіз іздеген жан екенін айтады. Жыл отбасын құрмағандар үшін қолайлы. Отбасын құру жоспарын ойлап жүрген болсаңыз, осы жылы әрекет етуге болады.

 Отбасы

Беделіңізді көтеріңіз

Қаңтар айынан бастап, қазанға дейін отбасыңызды көздің қарашығындай сақтауға ұмтылыңыз. Бұл орайда, отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасыңызды жақсартуға ұмтылыңыз. Әке-шешеңізді ренжітіп алмауға тырысыңыз. Күйеуіңіздің жұмысына қатысты істерге араласып отырғаныңыз дұрыс. Себебі, алданып қалу мен өзгелердің қаһарына ұшырау қаупінен сіз ғана сақтай аласыз. Отбасының берекесі көп жағдайда өзіңізге байланысты болмақ.

Достық

Ортаның гүлі болыңыз

Өзіңіздің жеке әлеміңізге қарай жаңа танысқан адамдарды тартыңыз. Барыңызды салсаңыз, сіз кез келген ортаның гүліне айнала аласыз. Тез тіл табысып кету, жаңа ортаға тез бейімделгіштігіңіздің арқасында жаңа достар табасыз. Достарыңыздың арасында орынды кеңестер мен пікір беріп отыратындары табылады. Олардың пікірлеріне құлақ асыңыз. Достарыңызбен бәсекеге түсуге талпынбаңыз, қызығушылықтарыңыздың сәйкес келмей жатқан тұсы болса да, жан жолдасыңыз екенін естен шығарманыңыз абзал.

 Денсаулық

Өзіңізді ұсақ-түйектермен қуантыңыз

Жыл бойы денсаулығыңыз сау қалпын сақтап тұрсын десеңіз, жеке бас гигиенасы мен денсаулығыңызға үлкен мән беріңіз. Ағзаңыз селқостықты көтермейді. Спортпен шұғылдану жағын ойластырып көріңіз. Бірінші жартыжылдықта ас мәзіріңізге ерекше назар аударыңыз. Ағзаға түсетін күш қабылдаған асыңыздан болмақ. Орталық жүйке жүйесінің қызметіне мән беріңіз. Ұсақ-түйек нәрселерден ашуға булығып, дауыс көтермеңіз. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасты тең дәрежеде ұстаңыз. Олармен арадағы келіспеушіліктер денсаулығызға кері әсерін тигізеді, өзіңіз де әріптестеріңізбен қарым-қатынаста мейірімділік танытыңыз. Қанған ұйқы бойыңызға қуат береді, сергек жүруге де көмегін тигізеді. 23 тамыз бен 6 қазан аралығында жұқпалы дертті жұқтыру қаупі бар. 5 қазаннан бастап, жылдың соңына қарай жарақаттануыңыз мүмкін. Дене еңбектерімен айналысуда абай болыңыз.

Жұмыс пен қаржы

Еңбекте ерліктеріңіз байқалады

Марс планетасы сіздің жұмыс істеуіңізге ерекше шабыт сыйлайды. Шабытпен атқарылған істен ләззат алмау мүмкін емес. Жылдың алғашқы бөлігінде бұл шабытыңыз сіздің материалдық жағдайыңызды біршама деңгейге көтере алады. 24 қаңтардан бастап, 13 сәуір аралығына дейін жұмыс кеңсесінде болатын өзгерістер сізге оң нәтижесін көрсетеді. Көктемге қарай сұқтанушылар мен көре алмаушылардан сақ болыңыз. Олардың жәбірі сіздің еңбегіңізге зиянын тигізу қауіпі бар. Дәрежеңіз бен еңбекақыңызды көтеру жөнінде өтінішпен басшылыққа қаңтар айында жолыққаныңыз дұрыс. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында ғана биіктен көрінесіз. Және бұл сіздің қолыңыздан келеді.

Торпақ белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Бұқа жылында  өзіңізге үлкен сенімділік пайда болады. Бар күш-жігеріңізді тек өзіңізге ғана жұмсайсыз. Жыл берекелі болмақ. Тек жалақы үшін емес, өз мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін еңбек етіңіз.

 Әйелдерге

Ол өзін-өзі құрметтеуге дағдыланады. Өз кемшіліктерімен жұмыс істеуге тура келеді. Жылдың бір-біріне ұқсамайтын, күтпеген тартулары көп. Махаббатта да, отбасында да тыныштық орнайды.

Жылдың бірінші жартысында барлық істе де айыңыз оңынан туады. Жалқаулыққа салынбаңыз. Орын алған кейбір жағдайларға орай, сіздің тәжірибеңіз өседі. Наурыз айынан бастап, өмірге деген ерекше құштарлық пайда болады. Соның арқасында жеке өмірде де, қызметте де жағдайыңыз тұрақталады. Іштегі тұнып тұрған идеяларыңызды сыртқа шығаруға дағдыланыңыз. Біліміңізді жетілдіруге қолайлы уақыт жылдың барлық айына да сәйкес келеді. Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста мейірімділік танытыңыз. Қаталдық торпақтарға жараспайды. Немқұрайлылық танытып атқарған істеріңізден тақырға отырып қалудан сақ болыңыз.

Еркектерге

Сенімділік пен қайраттылығының арқасында торпақтар қарама қарсы жыныс өкілдерінің назарына ілігеді.

Бұқа жылында өзіңіз емес, өзгелер сіздің біраз іс-әрекеттеріңізден үнемшіл екеніңізді аңғарады. Бұл қасиет кейбір кісілерге жақпауы мүмкін. Дейтұрғанмен, үнемшілдігіңіздің арқасында мол табысқа кенелесіз. Қазан айында шығындар көбейіп, қаржы мәселесінде тұрақтылық болмайды. Басы бос торпақтар, өмірлік серік болуға жанына жақынын іздейді. Қыс айларының соңы мен көктемнің басы бұл арманыңызды орындауға көмектеседі.

Жалпы болжам: Өмірге пәлсапалық көзқараспен қараңыз

2021 жылы өміріңізде орын алатын оқиғалар сізге үлкен сабақ болмақ. Бұрын-соңды сізге беймәлім болып келген жағдайлар белгілі болады. Қызметте де, өмірде де жетілуге зор мүмкіндік бар. Өзіңізді қоршаған адамдарды, басқаша қабылдауға тырыспаңыз. Сәттілік сіздің жағыңызда.

 Махаббат

Махаббат — ойыншық емес

Ақпан айынан бастап сүйіктіңізге ерекше ынтық боласыз. Бұл сізге махаббаттың тәтті сезім екенін дәлелдейді. Алайда, тамыз айында сіз сенім артқан сүйіктіңіз көңіліңізге қаяу түсіріп алуы ғажап емес. Ұзақ уақытқа созылған берік қарым-қатынастарыңыз бқл жылы мың құбылады. Жеке өміріңізге жауапкершілікпен қарағаныңыз абзал. Оны ойыншыққа айналдырмаңыз. Сүйіктіңізбен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Ашудың дұшпан екені айғақ. Сәуір айында сезімдеріңіз ауыр сынақтан өтуі мүмкін. Бірақ, кез келген қиындықтарға төтеп бере алған жұптар ғана сынақтардан сүрінбей өте алады.

Отбасы

Ұрыс берекені қашырады

Жаз айларына дейін отбасындағы жағдайларға бас ауырта бермейсіз. Отбасы, ошақ қасындағы жандармен бейбіт қарым-қатынас орнайды. Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік ету үшін құжаттарды шілде айында рәсімдегеніңіз дұрыс. Ескі мүліктерді сатуға шешім қабылдаған болсаңыз да, әрекет етуге шілде айы қолайлы. Бірақ, бұл мәселе отбасында үлкен дау тудыруы мүмкін. Өзге жандардың да пікірлеріне құлақ асыңыз. Ұрыс үйден құт пен берекені қашырады. Балалар мәселесіне бас ауыртпайсыз. Олар сізді қуантуға тырысып жүр. Отбасының берекесі мен бірлігі сіздің қолыңызда.

Достық

Ұшы-қиыры жоқ достық сезім

Бұл жылы достарыңызбен қарым-қатынасыңыз одан сайын күшейе түспек. Торпақтар бауырмал жандар. Бауырмалдылығыңыздың арқасында достарыңыз жаныңыздан әркез табылады. Жақын құрбыларыңызға сырыңызды ашып айтуыңызға болады. Олардың сізді еш уақытта сатып кетпейтініне сенімді болыңыз. Достық әзілдер мен бас қосқан кештер сергітеді. Шақырылған жерлерден қалмаңыз. Достарыңызға көмек қолын созуға дайын болыңыз.

Денсаулық

Шаршағанды сезінген де дұрыс

Жылдың ортасына қарай ағзаңыз әлсірегенін сезіндіреді. Бас көтермей жұмыс ісетуіңіз табыс әкелгенімен, денсаулығыңызға зиянын тигізетінін естен шығармаңыз. Шаршаған уақытта жұмыстан, не оқудан бас ала тұрып, серуендеп қайтыңыз, концерттер мен мерекелік жиындарға барыңыз. Жаттығу залына жазылыңыз. Иммунитетті күшейтуге әрекет еткеніңіз жөн. Жаз айларының соңына таман психикаңыздан ауытқушылықтарды байқайсыз. Бұны сабырға жеңдіріңіз. Бір мүшеңіз сыр берсе, дәрігерге қаралыңыз. Қарапайым естілмегенімен, бұл жылы сіз салауатты өмір салтын міндетті түрде ұстаныңыз.

Қызмет пен қаржы

Қаржыны қиналып емес, қуанып жұмсау керек

Қаңтар айында қызметтегі кейбір шиеленістердің кесірінен қызметтен кетіп қалуға бел байлауыңыз мүмкін. Бірақ, торпақтар бірден шешім қабылдайтын жандар емес. Сізге қолдау көрсететін жақындарыңыз әркез жаныңыздан табылады. Ақпан айының ортасында қызметте жаңа мүмкіндіктердің шеті көрінеді. Кірісітеріңізден бұрын, шығындарыңыз көп. Оған қам жемеңіз. Көктем айларының соңына қарай, жаңа қызметтерге ұсыныстар түсуі мүмкін. Маусым айларында ұрылардан сақ болыңыз. Қаражат жұмсауда қиналмай, өз табысыңызды өз пайдаңызға жаратыңыз. Ақша жинауға ұмтылмасаңыз да болады, бұл сіздің қолыңыздан келетін іс емес.

Егіздер белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Бірінші жартыжылдықта өзіңізге есеп бересіз. Өткен жылы бітпей қалған істеріңізді аяғына дейін орындауға зор мүмкіндік бар. Келесі жартыжалдыққа жаңа жоспарлар құру үшін, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Уақыт сізге бағынбайды.

Әйелдер

Өмірлік сыңарын тапқан егіздер сүйіктілеріне мейірімін аямай төгеді. Шығармашылықпен айналысып жүрген егіздер бұқа жылында атаққа ие болуы мүмкін.

Егіз әйелдер өте сезімтал болып келеді. Жаңа бастамаларды қолға аларда ішкі жан дүниеңізбен ақылдасыңыз. Еңбекқор егіздер үшін қызметтегі кез келген есік айқара ашылады.  Маңызды істерді қолға аларда өз күшіңізбен салыстырыңыз. Қолыңыздан келмейтін шаруадан бас тартқаныңыз абзал. Мансап жолында биікке жетуді мақсат еткен болсаңыз, сәттілік сіздің жағыңызда. Бұл мақсат жылдың соңына таман жүзеге аспақ. Дос-жарандарыңыз бен бауырларыңызды назарыңыздан тыс қалдырмаңыз.

Ер адамдар

Бұқа жылында олар барлық іске бірден кіріседі. Жаңа қызмет, үй салу тіпті бала тәрбиесіне де түгел уақыт табады.

Бірінші жартыжылдықты отбасыңызға  арнайсыз. Үйдің жөндеу жұмыстары, жиһаз сатып алу, үй салу жоспарлары жүзеге асады. Топтық жұмыста еңбек ететін егіздер үшін наурыз айы табысты болмақ. Қыркүйек айында бөгде кісілермен келіссөз жүргізуде сақтанған жөн. Қызметтегі табыстар жаздың ортасына сай келеді. Тамыз айының соңы демалысқа аттануға қолайлы.

 Жалпы болжам: Армандарыңыз орындалады

Бұқа жылы Егіздерге жақсылықтарын аямайды. Алған бағытыңыздан таймай, тура жүріңіз. Өміріңіздің барлық саласында толағай табыстар күтіп тұр.

Махаббат

Өзгеріске дйаын болыңыз

Наурыз айында құпия кездесіп жүрген ғашықтардың сыры көпке мәлім болады. Немесе қарсы топпен түсініксіз достығыңыз ыстық сезімге ұласуы мүмкін. Не болса да, көктем мезгілінде жеке өміріңізде болатын өзгерістерге дайын болыңыз. Алып-қашпа әңгімелерге мән бермеңіз. Отбасылы егіздер үшін жылдың бірінші жартысы бірқалыпты болады.  Жалғызбасты егіздер қаңтар айында жаңа сезім немесе жауапсыз махаббатқа тап болуы мүмкін. Бірақ, күйзеліске түсуге болмайды. Жылдың күз мезгіліне қарай өміріңізде жүрегіңізді жаулайтын жан пайда болуы ықтимал. Неке қидыру уақытын 14 қаңтар мен 9 наурыз  немесе 5 маусым мен 11 қараша аралығына белгілесеңіз, көтерген шаңырақ биік болады.

Отбасы

Туыстарыңызға жақын болыңыз

Үйдегі қарбалас шаруалар уақытыңыз бен жігеріңізді алуы мүмкін. Төзімділік танытыңыз. Наурыз айында бәрі бір ретке келеді. Балаларыңыздың қысқы демалысын пайдаланып, отбасымен қала сыртына саяхатқа шығуға болады. 7 қазан мен 17 қараша аралығында ерлі зайыптылар арасында түсініспеушіліктер орын алады. Жолдасыңыздың пікірін жоққа шығармаңыз. Балаларыңызға үлгі боп, отбасы татулығын сақтап қалу үшін барыңызды салыңыз.

 Достық

Жүз теңгең болғанша…

Жылдың басында достарыңыз сіздің көмегіңізге мұқтаж болады. Қарсылық білдірмеңіз. Себебі, қараша айында қаржыдан таршылық көруіңіз ғажап емес. Көмек достарыңыздың тарапынан сізге қайтып келеді. Ақпан айында жеке өміріңізде орын алатын қиындықтарда қол ұшын созады.  Мәселен, жолдасыңызбен ренжісіп қалсаңыз, құрбыларыңыз татуластыруға барын салады.  Маусым айында достарыңыз құптамаған істерді бастауға асықпаңыз. Күзде жаңа танысулар көбеймек.

Денсаулық

Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда

Жылдың басында шектен тыс қобалжулар мен жағымсыз эмоцияларға бой алдырасыз.  Сондықтан, психикаңызға артық күш түсірмеуге тырысыңыз. Реті келіп жатса, психологтың қабылдауына жазылыңыз.  Демалыс күндері табиғат аясында серуендеп, көңіл көтеру орындарына барып тұрғаныңыз бойыңызды сергітеді. Қазан айында толық медициналық тексеруден өткеніңіз абзал. Күн тәртібіңізді нақтылап, тиімді тағамдануға дағдыланыңыз. Ағзаңызға кальций дәрумені аса қажет. 12 қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін жұқпалы дерттен сақатну шараларын ұйымдастырғаныңыз абзал.

Қызмет пен қаражат

Сын түзелмей, мін түзелмейді

Жаз мезгілінде бауырларыңыз бен жолдасыңыздан ақшалай сыйлық алуыңыз мүмкін. Әмияныңыздағы қосымша қаражат көптен бері ойлап жүрген мақсатыңызды орындайды. Тамыз айында несиеге қаржы алмаңыз. Үлкен сомада қарыз беруге де болмайтынын ескеріңіз. Себебі, алдағы уақытта қызметте сыйақы немесе жалақы өсімі байқалмайды. Күз айларында көп еңбектеніңіз. Қызметте табысқа жету үшін басшылық қойған қатаң талаптарды бұлжытпай орындау керек. Қызметтің жеңіл түрі жоқ. Әріптестеріңізбен құр босқа дауласпаңыз.  Олардың сын пікірлерін орынды қабылдаңыз. Мүмкін, жоспарыңызды қайта қарап шығуыңыз қажет шығар. Жылдың соңында қызметте марапаттауға ие боласыз.

Шаян белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Адамдарға бос күмән артпаңыз. Болмашы нәрселерді көңіліңізге жақын қабылдау да зиян келтіреді. Қарсы пікірлерден қорықпай, ойыңызды ашық айтыңыз. Бос қиялға беріліп, армандай беруге енді болмайды. Бұқа жылы сол армандарыңызды жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер сыйлайды.

 Әйелдерге

Ол өзін жан-жақты дамытуға талпынады. Өмірге құлшыныс өзіне деген махаббатын оятады.

 Сенімді ханшайымдарға ғана 2021 жыл күліп қарайды. Қиын мәселелерді шешу кезінде шыдамдылық танытқаныңыз абзал. Кез келген басқа түскен қиыншылақтарды нәтижелі сынақ деп біліңіз. Көктем айларында қарым-қатынас шеңберіңізді кеңейтуге тырысыңыз. Бұған ықпал ететін жандар жаныңыздан әркез табылады. Жазда Уран мен Плутон ғаламшарларының әсерінен жұбайыңызбен немесе туыстарыңызбен арада түсініспеушіліктер болуы мүмкін. “Әйелдің қырық жаны бар” демекші, өзіңізді қолда ұстаңыз. Бәрі уақытша құбылыстар.

 Ер адамдарға

Шаян еркектер мансап жолында көтерілу үшін жанын аямай еңбек етеді. Соның арқасында материалдық жағдайы тұрақталып, жақындарын қуантады.

Юпитер ғаламшарының ықпалы арқасында жылдың алғашқы жартысы жаңа танысуларды уәде етеді. Ол жаңа ортаны жатырқамай, судаң сіңіп кетсе, алдағы өмірінде мол табыстарға кенеле алады. Жылдың екінші жартысында тым еркінсіп кетуге болмайды. Жаңа жоспарлар құрып, оларды жүзеге асыруға барын салады. Демалыс пен денсаулықты жақсарту уақыты жылдың соңына сәйкес келіп тұр.

 Жалпы болжам: талантыңызды аша түсіңіз

2021 жылы шаян белгісінде туылғандарды жаңа белестер күтіп тұр. Тек өз бойындағы қабілеттері мен ерік-жігерін сыртқа шығарулары керек. Бұрын-соңды қол жеткізбеген табыстарға дәл осы жылы қол жеткізе аласыз. Іске сәт!

 Махаббат

Сүйіктіңіз бір сәтке де ойдан шықпауы керек

Жыл басталысымен жалғызбасты шаяндарды қызықты танысулар күтіп тұр. Тек көңіл көтеру үшін сөйлесіп жүрген достарыңыздың біріне ғашықтық сезіміңіздің оянғанын байқамай қалуыңыз мүмкін. Ал отбасылы шаяндар бұл жылы отбасына жанашырлық пен мейірімділігін көрсете алады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жылы сезім отбасының ошақ түтінін түзу ұшыруға септігін тигізетінін бір сәтке болса да естен шығармауы керек. Жылдың соңғы айларында кейбір шаяндардың сәби сүюге зор мүмкіндіктері бар.

Отбасы

Абысынның татулығынан ас көп

Жыл бойы шаяндар туысқандарымен қарым-қатынастарын жақсартуға ұмтылады. Бұған дейін алыстан сыйласатын кей туысқандарымен жақыннан араласатын болады. Көктем айларында көршілер немесе жақын таныстарыңызбен ортақ істе абай болыңыз. Бұл мезгіл сондай-ақ, қарыз беру немесе қарыз алуға қолайсыз. Бала тәрбиесі шаяндардың жадынан бір сәтке болса да шықпайды.

 Денсаулық

Ауқаттанып жүріңіз

Шаяндар денсаулығына бей-жай қарайтын жұлдызды белгілердің қатарынан емес. Тек қуатыңыз біткенше еңбектенуден аулақ болыңыз. Тамақтану уақытын тұрақты еткен жөн. Себебі, асқазан бұл жылы қызметін нашарлатуы мүмкін. Жаздың аптапты ыстығында ұшыну дертінен сақтанып жүріңіз.

 Қызмет пен қаражат

Қаржы мәселесінде тапшылық жоқ

Қаңтар айы басталысымен қызметіңізден шаршап жүргеніңіз қатты сезіледі. Соған орай, ақпан айында жұмыс орныңызды ауыстыруыңыз мүмкін. Шыдамдылық танытатын болсаңыз, қызметіңіз тұрақты болады. Жылдың басы келіссөздер жүргізуге, не болмаса қосымша табыс табуға ыңғайлы. Ақша жағдайы бірқалыпты. Көктем айларында қарыздармен абай болғаныңыз абзал.

Арыстан белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Бұл жылы сіздің айналаңызда тек сенімді адамдар қалуы керек. Материалдық жағдай тұрақтылығы, тек еңбексүйгіш арыстандарда ғана болады. Жылдың екінші жартысында күтпеген сәттіліктер тосып тұр.

 Әйелдерге

2021 жылы олар  романтиканың жетегінде кетуі мүмкін. Басты қағида — таңдаған жартысы көңілінен шығатын, сеніміне ие болғаны дұрыс.

Бұқа жылы сіз сүйген жаныңызға ерекше сенім артатын боласыз. Бұл жүрегіңізге жылулық орнатқанымен, кей жағдайларда күдік тудыруы мүмкін. Сондықтан, әділ көзқараста болыңыз. Сүйіктіңіздің жақсы жақтарымен қоса, кем тұстарын да ескеріңіз. Күз айларын бала тәрбиесіне арнау қажет. Өзіңіз де кейінгі ұрпақтан оптимист болуға үйреніп көріңіз. Бұл сіздің өміріңізге көмегін тигізеді. Алға қойған мақсаттарыңыздың айқын болуына мән беріңіз. Олар бір-екі жыл ішінде іске асатындай болсын. Әйтпесе, орындалмаған мақсаттардан өзіңізді азғыруыңыз мүмкін. Қызметтегі ептілігіңіз бен шабытыңыздың арқасында материалдық жағдайыңызды әжептәуір көтеруге зор мүмкіншілік бар. Көктем айларында қаржыдан аздап ауыртпалық сезінесіз, дегенмен, бұл қиындықтар сізге жаңа шабыт пен ықылас береді. Екінші жартыжылдықта болмашы жағдайларға қиналып, таусыла бермеңіз. Жүйке жүйеңізді сақтағаныңыз дұрыс. Сапарға аттанатын болсаңыз, алдын ала жақсылап дайындалыңыз.

Ер адамдарға

Арыстан-жігіттер бұл жылы отбасындағы жандарға қамқор болып, ал қызметтестеріне үстемшіл болып көрінеді.

Жылдың алғашқы жартысында жақындарыңыз бен бауырларыңыздың қолдауына зәру боласыз. Көптің ішінен алға суырылуға ұмтылысыңыз жақсы нәтижелерін береді. Армандарыңыздың орындалуына ден қойған болсаңыз, оларды мүмкіндіктеріңізбен салыстырып көргеніңіз абзал. Ұжымдық бірлескен істерде көріну үшін, алға айқын мақсат қоюға ұмтылыңыз. Жылдың соңына қарай психолог мамандардың көмегіне жүгінсеңіз, мазалап жүрген мәселелерге оңтайлы шешім қабылдайсыз.

 Жалпы болжам: достарыңыздың ақылына құлақ асыңыз

Тек талапты және белсенді арыстандар ғана жеңіске жетеді. Таланттылығыңызға күмәніңіз болмасын. Ойға келген идеялар мен ұсыныстарыңызды ортаға салудан қорықпаңыз.

Махаббат

Жылулық танытыңыз

Қаңтар мен сәуір аралығында жүрегіңізді жаулап алатын адамды кездестіруіңіз мүмкін. Алайда, жүрегіңізді жаулаған жанды асыра дәріптеудің қажеті жоқ. Оның артық тұстарымен қоса, кемшіліктерін де қабылдауға тырысыңыз. Үйленуді жоспарлап жүрген жандар үшін қаңтар айының басымен 10 маусым аралығы қолайлы мезгіл болмақ. Екінші жартыжылдықта ескі танысыңыз сезім білдіруі мүмкін. Одан келіп-кетер ешқандай пайда болмайды. Сондықтан, оған мән бермегеніңіз дұрыс. 2021 жылы көңіліңізден шығатын жанды кездестуге мол мүмкіншілігіңі бар. Тағдырыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Дұрыс таңдау жасаңыз!

Отбасы

Бауырмал болыңыз

Жұбайыңызбен қарым-қатынаста келісім мен бірлік болу үшін, сізге бірнеше талаптар қойылады. Өз пікіріңізде ғана қалмай, жарыңыздың да ойына құлақ асыңыз. Ортақ мәселелерді талқылауда сіздің пікіріңіз қаншалықты маңызды болса, оның да көзқарасы соншалықты қажет. Балаларыңыз да осы жылы жеңістерімен, жаңа қырларымен танылып, сізді қуантады. Жылдың соңына қарай отбасылық бюджеттегі қаражат көбейе түспек. Үйдің жөндеу жұмыстарына қазан айы ыңғайлы.

Достық

Жаныңызға жақын жандарды іздеңіз

Айналаңыздағы жандардың сенімді, істері мен сөздеріне берік екеніне сенімді болыңыз. Олардан мейіріміңіз бен жылулығыңызды аямаңыз. Жауапсыз қалмайды. 3 сәуірден бастап, достарыңыздың қатары көбейеді. Көптеген көңілді кездесулердің куәсі боласыз. Достарыңыздың тарапынан қызметте үлкен қолдау болады. Олар сіздің бойыңыздан талантты байқап, сіздің пайдаңызға шешілетін ұсыныстарды білдіруі мүмкін.  Қыркүйек айында жақын достарыңыздың бірі ірі сомада қаржылай көмек сұрағалы тұр. Алайда, қайтарып беретініне сенімді болмай, тәуекелге бармаңыз. 12 қыркүйектен бастап, достарыңыздан келетін кеңестерге сене бермеңіз. Олардың арасында арам ниеттілері де табылады.

Денсаулық

Күш қуатты дәрумендерден алыңыз

Әсіресе қыстыгүні ауа райына сай киініп, ұйқыңызды қандырып жүріңіз. Ағзаңыз кез келген қоздырушы вирустарды жұқтырып алуы мүмкін. Ал көктемде ұзақ уақыт ағзаны қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысыңыз. Денсаулыққа келгенде, селқостық танытпаңыз. Керісінше, бұрын-соңды өтпеген емдік процедураларына барғаныңыз дұрыс. Қаңтар, наурыз және шілде айларында жұмысқа шексіз ынтаңыз денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Ән тыңдаңыз, таза ауада серуендеп, қозғалыстарды көбейтіңіз. Денсаулыққа оң әсері тиеді. Қарашаның басы мен желтоқсан айының соңына қарай фаст-фуд тағамдарына әуестенбеңіз.

Қызмет пен қаржы

Жарқын болашағыңыз үшін қызмет етіңіз

Қызметтегі табыстар мен оңтайлы шешімдердің сәтті кезі жылдың бірінші жартысына келеді. Бұл уақытта сіз мансабыңызға қатысты бірталай жоспарларыңыз бен мақсаттарыңызды іске асыра аласыз. Жеке кәсіпті қолға алу туралы жоспарыңыз болса, тәжірибесі мол адамдардың кеңестеріне сүйеніңіз. 14 қаңтардан 7 ақпанға дейін, сонымен қатар, 14 ақпаннан 1 наурызға дейінгі аралық — сақтандыру, банк құжаттарын рәсімдеу, несие алуға қолайлы уақыт. Күз мезгілінде қаржыда қиналып қалуыңыз мүмкін. Дегенмен, елгезектігіңізбен бұл мәселені жеңуге болады. Күз айларының соңына таман, басшылар артқан сенімді ақтау үшін көп еңбек етесіз. Тек қана талантты қызметкер ретінде ғана емес, нағыз шебер екеніңізді дәлелдеңіз.

Бикеш белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Бикештер — еңбекқор жандар. 2021 жыл сіз үшін табыс жылы болмақ. Қажеттіліктеріңіз — қолжетімді, еңбегіңіз — жемісті. Жеңіс туы бұл жылы да тынбай еңбектенуіңіздің арқасында желбірейді. Сізге керегі — сабырлық қана.  

 Әйелдерге

Ол өзінің бұрын-соңды ел байқамай жүрген талантын көрсете алады. Жаңа қырларынан танылған бикештер бұқа жылында қызметте биіктен көрініп, отбасында сүйіспеншілікке бөленеді.

 Қаңтар айында айналысқыңыз келетін іс, не болмаса өзгеріс енгізгіңіз келетін жайттар  анық болады.  Бұл өміріңізді жақсы жаққа өзгерте алады. Бейіміңіз бен қабілетіңіз шыңдала түсіп, қызметте табыстарға жетесіз. Шілде айында шығындарыңызды азайтқаныңыз жөн. Қаржы дағдарысы сезіледі. Бірақ, мойымаңыз. Бұл уақытша ғана. Тамыз айында көмек қолын ұсынатын жандар табылып, қаржы мәселесі шешіледі. Жаз айлары демалыстың орнына біраз істерді дайындап тұр. Олардан келетін пайда болмаса, зиян жоқ. Демалысқа асықпаңыз.

 Ер адамдарға

Отбасында өзіңізді жайлы сезінетін боласыз. Басқа жылдармен салыстырғанда, жыл оң өзгерістерімен қуантайын деп тұр. Өз күшіңізге сенімді болыңыз.

Қаңтар айының соңына қарай, қырсық мінезіңіз жұмыста зардаптарын тигізуі мүмкін. Өзіңізді сабырлы болуға шақырыңыз.  Әрекеттеріңіз жоспарлы түрде жасалынса, табыс көзі көрінеді. Отбасында керісінше, жылулықты сезінесіз. Жылдың әзірлеп тұрған ұсақ-түйек қуанышты сәттері көп-ақ. Басы бос ер азаматтар үшін жаз айлары күтпеген танысуларды уәде етеді. Жалпы бұқа жылы бикеш еркектер үшін жайлы болмақ.

 Жалпы болжам: өмірді сүю керек

Өз эмоцияларыңызды бақылауға алыңыз. Айналаңыздағы жандардың көңіліне қарап әрекет етуге дағдыланыңыз. Бикештер ақшаның қадірін біле бермейді. Қаржы тапшылығын алдын алу үшін, үнемдей білгеніңіз абзал.

 Махаббат

Сезім сыңғыры

Плутон мен Уран ғаламшарлары жеке өміріңізді 180 градусқа бұрып жіберуге ықпал ете алады. Бұған себеп — сүйіктіңізге деген махаббаттың күшеюі. Бұрын-соңды болмаған сиқырлы сезім нағыз ғашықтар дастанын еске түсіреді. Шектен тыс қызғаншақ болмаңыз. Бұл сүйіктіңізбен арада мәнсіз ұрыстарды тудырады.  Еріңізге тәуелді болу — намысыңызға еш нұқсанын келтіре алмайды. Сондықтан, оның әр пікіріне мән беріп,  тыңдай біліңіз. Жыл бойына бірнеше рет айырылсуға себептер болғанымен, берік махаббаттарыңыз жеңеді. Жылдың соңғы айларында сүйіктіңізбен бірге сауық-сайран құруға уақыт мол болады. Бұл қарым-қатынастарыңызды одан сайын күшейте түспек. Басы бос бикештердің серілерін жолықтыру сәті сәуір мен мамыр айларына тура келеді. Сырт келбетіңізге мән беріп, сұлу болып көрінудің жолдарын қарастырыңыз. Бұл ескерусіз қалмайды.

 Отбасы

Талассыз бедел

Отағасының қызметтегі беделінің  өсуіне орай, отбасында сіздің беделіңіз өседі. Бұған дейін күйеуіңіз шешкен кейбір мәселелерді, енді сіз шешетін боласыз. Үй шаруасындағы ханымдарға артылатын жүк ауырлана түспек. Қаңтар мен ақпан айларында үйді күрделі жөндеуден өткізуге қаражат та, мүмкіндік те болады. Тек сіз жалқаулық танытпаңыз. Тіпті ұсақ-түйек тірліктеріңіз үшін  отбасы мүшелерінің зор қошеметіне ие боласыз. Маусым айында жанұя мүшелерінің басын қосып, көрікті мекендерге барып демалыңыз. Өз төркіндеріңізді де естен шығармаңыз. Қыстыгүні бала денсаулығына бей-жай қарамағаныңыз дұрыс.

Достық

Таңдау сізде

Уақыт тапшылығынан жылдың бірінші жартысында достарыңызбен хабарласып, көрісу өте сирек болмақ. Кейбір бикештер тіптен достарымен жүздесуді доғарады. Қызмет барысында танысқан әріптестеріңіз жақын достарыңызға айналып кетуі әбден мүмкін. Дегенмен, ескі достарыңызды  ұмыт қалдырмаңыз. Достарыңыздың ортасында әркез өзіңізді сыйлы сезінесіз. Ақпан айынан наурыз айына дейін, белгілі себептерге байланысты өзіңізді тым жоғары қоясыз. Бұл кезде достарыңыздың тарапынан айтылған сын пікірлерге мән беріңіз. Күз айларының ортасына таман ұйымдастырушылық қабілетіңізді пайдаланып, достарыңызбен көңілді кездесу кештерін өткізіңіз. Бұл әрекетіңіз елеусіз қалмайды.

 Денсаулық

Сабыр түбі — сары алтын

Денсаулығыңыз жыл бойы әуреге салмайды. Ара-тұра  психологиялық, физикалық ауыртпалықтар болып тұрады. Оларды оңайлықпен көтере аласыз. Қаңтар мен наурыз айлары аралығында сынықтан сақ болыңыз. Шілде мен тамыз айларында бойыңызға ерекше қуат бітеді. Осы кезеңдер тауға барып серуендеуге, жаяу жүруді көбейтуге қолайлы болмақ. Қуатыңыз бен жаз мезгілінің шуақты күндерін қалт жібермеуге тырысыңыз. Қазан айында тамақтану режиміңізге назар аударыңыз. Көрінген жерден ас ішу — қауіпті. Ойын-күлкіге әуестігіңіз денсаулығыңызға пайдалы.

 Қызмет пен қаражат

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Жылдың бірінші жартысында қызметіңізде сәтсіздіктер тосып тұр. Серіктестермен жұмыс мәселесінде бірнеше кикілжіңдерге тап болуыңыз мүмкін. Дегенмен, қызметте бұндай шиеленістердің болып тұруы заңдылық. Наурыз айының екінші жартысы мен шілде айының соңында жұмысбасты бикештерді маңызды келіссөздер күтіп тұр. Жоқ жерден күмән тудыруды әдетке айналдырмаңыз. Керісінше, мүмкіндіктерді пайдаланып, жарқын болашағыңыздың іргесін өзіңіз қалаңыз. Бұқа жылының екінші жартысы  қолға алған әрбір бастамаңызға табыс береді. Қаржыны үнемдей біліңіз. Жаз мезгіліне қарай жалақаңыз өседі немесе табысы мол жұмысқа ауысасыз. Жылдың соңы біліміңізді шыңдау үшін қолайлы. Кітапханада өткізген уақытыңыз үшін өзіңізге рақмет айтасыз. Сондықтан, оқу мен еңбек етуден шаршамаңыз.

Таразы белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Бұл жылдың екінші жартысында жететін жетістіктеріңіз мол болғалы тұр. Бұл жетістіктерге алғашқы қадамды жылдың бірінші жартыжылдығында жасайсыз. Мақсаттарыңызды жүйелеп алғаныңыз абзал.

Әйелдерге

Таразы әйелдер келер осы жылы өздерінің жанына үңіле түспек және өз ойымен санасатын тең құқылы қатынасты іздейді. Өмірінде орын алатын салмақты өзгерістерге дайын.

Шілде айының басына дейін Сіз ішкі «менмінді» өзгертуге күш саласыз. Сол аралықта сырт көзге көп түспеуді қалап, үйде болуға тырысасыз. Жылдың екінші жартысында сіздің өміріңізде көптеген өзгерістер болады. Бұл қаңтар айы мен қазан айына дейін орын алады. Ал сәуір мен тамыз айының басы сіз үшін ең өнімді уақыт болмақ. Бұл уақыт және де шетелдерде қыдыруға, көңіл көтеруге және өзіңізге аса назар аударуға қолайлы кез. 16 мамыр мен 28 мамыр аралығында өзіңіздің ішкі жан-дүниеңізге көңіл бөліңіз, рухани байлығыңызды арттырыңыз: мешітке барыңыз, діни кітаптар оқыңыз, уағыздар тыңдаңыз. Маусым айының ортасы мен желтоқсанның соңына дейін өз біліміңізді толықтыруға және жетілдіруге мүмкіншілігіңіз ұлғаяды. Сізге осы аралықта мамандығыңыз бойынша біліктілігіңізді арттыруға, біліміңіз бен өнеріңізді шыңдайға және өз хоббиіңіз бойынша білім алуға кеңес береміз. Түрлі саладағы курстарға барыңыз.

Ерлерге

Ер таразылар ірі кәсіптің (қаржылық жобаларда) жеңіс шыңына жету үшін бар күшін аямайды.

Олар үшін бұл жылда ең басты мәселе отбасындағы қарама-қайшы ойлар мен қарама-қайшы пікірлерден туындаған қолайсыздықтар болмақ. Әйелімен болған ұрыстың ең басты себебі қырсықтық болады. Жылдың бірінші жартысында эмоциялар мен өкпе-ренішті дер кезінде дұрыстауға үйренуге тура келеді. Жаз мезгілінде біліктілік саласында өз келешегіңізді дамытуға көп мүмкіндіктер туындағанмен, өзінің кемшіліктері де қатар болады. Жаз соңы өз пікіріңізді тура жеткізе біліп, біліміңізді тиімді қолданып, талантыңызды шыңдау кезеңі болмақ. Қыркүйек пен қазан айлары жұмысыңызға аздап қиындықтар әкелсе де, қараша айында бәрі де орнына келмек.

 Жалпы болжам: қанаттарыңызды кеңге жайыңыз

Уақыт өте келе басыңыздан өткен қолайсыздықтар мен сәтсіздіктердің бәрі сәттілікке сілтеген жол екенін түсінесіз. Тек қана шыдам мен төзіміңізді іске қоссаңыз, бәріне де қол жетеді. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Бұйырған уақытында ғана армандар мен мақсаттар орындалады.

Махаббат

Іздеген ғана табады

Жыл бойы сіз біреуді құлай сүйесіз. Көңіл жарастырып жүрген адам болмаса да, жүрегіңізді жаулаған адам болады. Алайда, сезімге қатты беріліп, асығыс қадамдарды жасаудан сақ болыңыз. Намысты биік ұстау керек. Сүйіктілеріне сүрінбей жолыққан таразылар үшін жыл өте сәтті. Таңдауыңызды ата-анаңыз да қолдап, жаз бен күз айларында отбасын құруға шешім қабылдауыңыз мүмкін. Шілде мен тамыз айларында сіз өте көркем болып көрінесіз. Қарсы жыныстағылар тарапынан көңіл білдірушілердің қатары көбейеді. Өзіңізді салмақты ұстаңыз. Жалғызбасты таразылардың алдында таңдау көп болады. Ішкі түйсігіңіз бен жүрек қалауына ерік беріңіз. Құрбылар мен ортақ таныстардың кеңесіне сене бермеген дұрыс. Жалғызбасты таразылар желтоқсан айының 26 жұлдызында өмірлік серігін кездестіруі мүмкін. Мүмкіндікті қалт жібермей, осы күні мерекелік іс-шаралар мен жиындарға барып көріңіз.

Отбасы

Балалар басты назарда

Қаңтар айында туыстар арасындағы қатынасты нығайтуға үлес қоса аласыз. Ол үшін туған-туыстың басын қосатын көңілді кешті ұйымдастырыңыз. Материалдық жағдайда таршылық жылдың көктем мезгіліне сәйкес келеді. Бұл жолдасыңызбен ара-қатынасыңызды суытуы мүмкін. Мәселені ұрыспен шешу мүмкін емес. Сондықтан, өзіңізді де, күйеуіңізді де сабырға шақырыңыз. Жолдасыңыздың жеке істеріне араласпағаныңыз дұрыс. Басты назарға балаларыңызды алып, олардың тәрбиесі мен сабағын қадағалаңыз. Өмірдің бұралаң соқпақтарына дайын тұруға үйретіңіз. Спорт секцияларына жаздырыңыз. Нәтиже өкіндірмейді. Жылдың соңына қарай жолдасыңызбен қарым-қатынаста жылулық орнайды.

Достық

Байланыстан тыс қалмаңыз

Көпшіл болыңыз. Қарым-қатынас шеңберіңізді кеңейтіп отырсаңыз, өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. Қаңтар айы мен наурыз аралығында достарыңыз нағыз қорғаныңызға айналады. Олардың көмегі мен демеулері арқасында жағымсыз жағдайлардан құтыласыз. Мамыр айынан бастап жаз мезгілінің соңына дейін құрбыларыңызбен бірігіп саяхатқа аттаныңыз. Алған жағымды әсерлеріңіз көпке дейін сақталады. Шілде айында жақын құрбыңызбен келіспеушілік туындауы мүмкін. Бірінші болып кешірім сұрауға қысылмаңыз. Қазан айы күтпеген танысулардың дайындап тұр.

Денсаулық

Жылдам қозғалыста абай болыңыз

Басқа жылмен салыстырғанда, 2021 жылы денсаулығыңызға  күтім аса қажет. Жаз айларында жүгіру, секіру кезінде жарақат алудан сақ болыңыз. Көктем басталысымен, иммунитетті көтеру үшін дәрумендер қабылдаңыз, тағамдардың сапасы мен пайдасына мән беріңіз. Тұзды және майлы тағамдарды қабылдауды азайтқаныңыз дұрыс. Күтімнің арқасында ғана қан қысымыңыз бір қалыпқа түсіп, бауырдың жұмысы да жақсарады. Дәнді-дақылдар мен жаңғақтарды көбірек пайдаланыңыз.  

Қызмет пен қаржы

Жауапкершілік пен жинақылық керек

Өз міндеттеріңізді үлкен жауапкершілікпен тыңғылықты атқаратын боласыз. Қызметте  жинақтаған озық тәжірибелеріңіздің арқасында мақтау сөздерді еститін боласыз. Қаржы мәселесі бірқалыпты. Қымбат дүниелерді сатып алуға жаз мезгілі қолайлы. Отбасылық бизнеспен айналысып жүргендер қазан айында мол табысқа кенеледі. Ал жұп болып табыс тауып жүрген таразылар сәтсіздіктер мен шиеленістерге тап болуы мүмкін. Білікті мамандардан кеңес сұраудан қысылмаңыз. Жылдың соңына қарай жалақыңыз артады.

Сарышаян белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Сіз ерік-жігері мықты адамсыз. Бұқа жылында  босаңсуыңызға негіз жоқ. Жылдың алғашқы жартысында бар назарыңыз жұмысқа ғана ауады. Ал екінші жартысында жауапкершіліктің тең жартысын әріптестеріңізбен бөлісетін боласыз. Ең қуаныштысы – осы жылы не дәрежеңіз өседі, не айлық жалақыңыз көбейеді. Жеке өміріңізде жағдай аздап қынжылтады. Бірақ, бәрі уақытша.

Әйелдерге

2021 жылы олар  махаббатта жолым болмады деп, күйзеліске түседі. Немесе сүйіктілерімен қарым-қатынасын оңалту мақсатында, арпалыс үстінде өтуі мүмкін.

Қызметтік жоспарларыңызды жүзеге асыруда сізге өз-өзіңізге деген сенімсіздігіңіз кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ қаржылық жағдайыңыз да жақсара қоймайды. Бір жағынан, күш-қуатыңыздың төмендегенін сезініп, тез шаршайтын боласыз. Денсаулығыңызға сәл аяушылық сезіммен қараңыз. Қарсы топ өкілдерімен қарым-қатынаста нәзіктік танытқаныңыз дұрыс. Бала тәрбиесіндегі ханшайымдар үшін жыл бірқалыпты өтеді.

Ер адамдарға

Сарышаян-жігіттерді ұлу жылы аз-маз қиыншылықтарымен қарсы алатыны жасырын емес. Алайда, көктем мезгілі басталысымен, түсінде көрген ғажайыптары өңінде орындалып жатқандай әсерде болады.

Олар бұл жылы «Асықпаған арбамен қоян алар» деген халық сөзін ұстаным етеді. Сарышаяндар 2021 жылы әрбір қадамын әбден ойланып алып басатын болады. Иә, мұндай қасиет олардың бойында тек осы жылы пайда болады. Алға қойған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды тек қана жақын жандарыңыз білуі керек. Ал бөгде таныстар мен сыйлас достардың білуі артық болып саналады.

 Жалпы болжам: Өмірді сүйіңіз

Бұл жылы сіз өз қызығушылықтарыңыз үшін аянбай күресесіз. Ешкім де сізді адастыра, алған бетіңізден қайтара алмайды. Қабақты бос шытқанша, өмірге деген махаббатпен қарағаныңыз дұрыс.

Қызметбасты болсаңыз, қазметте жеңістер көп болады. Алайда, жеке өміріңіздегі қарым-қатынастардың жайы қиындап тұр. Бет жыртысқаннан пайда аз. Сондықтан, сабырға жеңдіріп, ойыңызды басқа нәрселермен алдап жүргеніңіз пайдаңызға шешіледі.

 Махаббат

 Махаббат үшін жан пида

Қаңтар айында жеке өміріңіз сізді еш алаңдатпайды. Ақпан айында махаббат құруға, тіпті отбасын құруға серігіңіз бола алатын адам пайда болуы мүмкін. Бірақ, онымен қарым-қатынастың өрбуі өзіңізге байланысты болмақ. Махаббатта жолым болмады деп, көңіл түсірудің қажеті жоқ. Отбасылық бақытқа кенелетіндігіңізден үміт үзбеңіз. Жыл иесінің басты ескертуі — отбасындағы ұсақ-түйек келіспеушіліктерден ажырасу туралы шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Соңы өкінішпен аяқталуы ғажап емес.

Отбасы

Сабыр түбі — сары алтын

Жұбайыңызбен қарым-қатынасты жақсарту үшін оны назарыңыздан тыс қалдырмаңыз. Кешірімділік таныта біліңіз. Қызуқандылыққа салынып, мәселені ушықтырып алуыңыз мүмкін. Егер сабырлық пен төзімділік танытсаңыз, жыл соңына қарай, отбасыңызда береке болады. Ата-анаңызбен жиі сырласып тұруды ұмытпаңыз.

Достық

Досы көпті жау алмайды

Жыл басында орын алатын жаңа танысулардың арқасында өміріңізде үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Ол өзгерістер көбінесе қызметіңізге байланысты болмақ. Ескі жолдастарыңызбен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз. Жаз айларында достарыңызбен болатын жиі басқосулардан көңіліңіз жай тауып жүреді. Қарсы топ өкілдерімен дос болуды жақсылыққа балаңыз. Олардың көмегі өлшеусіз.

Денсаулық

Суық тиюден сақтаныңыз

Қаңтар айында тұмау ауруының белгілерін байқаған сәттен бастап, емдеу мен алдын алу шараларын жүзеге асырыңыз. Себебі, аурудың асқынуынан көп істеріңіз орта жолдан қалуы мүмкін. Мамыр айында болатын іссапарлар бойыңызға тың күш-қуат сылайды. Жаз айларын тек өзіңізге арнаңыз. Демалып, көңіл көтеруге уақыт табылады. Жыл соңында бауыр мен өкпеңіздің қалыпты қызметіне назар аударыңыз. Осы мезгілде медициналық тексеруден өткеніңіз дұрыс.

Қызмет пен қаржы

Бәрі қажырлы еңбектің арқасы

Бизнес саласында жүрген сарышаяндарды жылдың барлық айларында да сәттілік күтіп тұр. Ара-тұра болып тұратын қаржы дағдарысын сынақ деп қабылдаңыз. Қиындықсыз оңай жол іздеуге болмайды. Мемлекеттік қызметте жүрген сарышаяндар ұшін де жыл табысты болмақ. Марапаттар мен алғыстар, мақтаулар қызметте серпін сыйлайды. Жыл соңына таман қаржы жағы реттеледі. Көлемді дүние сатып алуға да осы кезең ыңғайлы болмақ.

Мерген белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Күтпеген оқиғаларға дайын болыңыз. Сырларыңыз бен ішкі сезімдеріңізді тұншықтырмай, сыртқа шығарып отырыңыз. Уақытылы тындырылған істер берекелі болмақ.

Әйелдерге

Олар 2021 жылы қозғалыс үстінде болады. Қолға алған кез келген істі табысты тындыруға тырысады.

Өзіңіздің ішкі сезімталдығыңызға сеніңіз. Бұқа жылы сіз үшін өзгерістер мен қызықтарға толы болмақ. Сізді билейтін ғаламшар — Юпитер. Жылдың соңына қарай бет әлпетіңіз бен стиліңіздің, мінез-құлқыңыздың өзгергенін байқайсыз. Айналадағы жандардың тарапынан қолдау көрсетіледі. Ашық-жарқын, әділ болуға тырысыңыз. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз өзгеруі мүмкін. Енді сіз оның кем тұстарын да байқап, сарапқа салып отырасыз. Сіздер құрған махаббат одағы бұл жылы одан әрі күшейе түспек. Кейбір істерде асығыс шешім қабылдамаңыз. Мансап жолымен ілгерілеу тек қана өзіне сенімді мергендерде болады. Сондықтан, күмән туралы ойламаңыз.

Еркектерге

 Отбасылы азаматтар қызмет пен отбасы байланысында туындайтын қиындықтарға тап болуы мүмкін. Таңдаудың уақыты келген сияқты.

Жылдың бірінші жартысында уақыт пен назарыңызды түгелдей қызметке аударасыз. Өйткені, мансап  жолында жаңа мүмкіндіктердің шеті көрінгелі тұр. Дегенмен, отбасылы екеніңізді ұмытпаңыз. Денсаулығыңызға да ұқыпты қараңыз. Спорт пен қанған ұйқы серпін сыйлайды. Басы бос мергендер үшін махаббат құруға қолайлы кезең жылдың екінші жартысы болмақ.

 Жалпы болжам: Өмірге өзгеріс әкелетін жыл

Жылдың бірінші жартысын толықтай денсаулығыңызды қалыпқа келтіруге арнаңыз. Сіздің бақытты жүзіңіз айналаңызда жүрген жақын жандарға да бақыт сыйлайтынын ұмытпаңыз. Әркез күліп жүруге тырысыңыз. Жылдың екінші жартысында, көптен бері ойлап жүрген армандарыңызға қол жеткізуге мол мүмкіндіктер туады.

Махаббат

Әсерлердің алмасуы

Бұқа жылы романтикаға толы жыл болмақ. Тек наурыз-мамыр айларында  аз-кем түсініспеушіліктерден кикілжің орын алуы мүмкін. Бірқалыпты өмір сізді жалықтырып жібереді. Өзгеріс енгізу тек сіздің қолыңызда. Махаббатта жеңілтектік танытқаныңыз жөн емес. Басы бос ханшайымдар шілде-тамыз айларында өзіне сенімді, қуатты ер азаматтармен танысулары  мүмкін. Дегенмен, көрінген кісіге үлкен сенім арта берудің қажеті жоқ. Өтпелі сезімдердің болып тұратыны анық. Жылдың соңына қарай жүрегіңізді жаулайтын нағыз сері жаныңыздан табылмақ. Тағдырыңыздың бұрылыстары сіздің шешіміңізбен болады. Ойланыңыз!

Отбасы

Балалар — басты байлығыңыз

Жыл басталысымен, өзіңізді толықтай үй тірлігіне арнағыңыз келеді. Уақыттың көп бөлігін отбасыңызбен бірге өткізесіз. Қоныс аударуды жоспарлаған мергендер үшін сәуір-мамыр айлары жайлы. Бала мәселесіне бас қатыратын кезеңдер көп болмақ. Отбасы қажеттіліктері үшін қаржы да біраз керек.  Балаларыңыздың отбасындағы тәрбиесіне үлкен мән беріңіз. Оларға тек ана ретінде қарамай, дос та бола біліңіз.

Достық

Кешірімді бола біліңіз

Қаңтар айынан бастап, барлық ескі достарыңызбен қайта табысасыз. Жылы жүздесулердің де қатары көп. Жаңа достар табуға да ұмтылыс керек. “ 100 теңгем болғанша, жүз досым болсын” деген сөз ұраныңызға айналуы тиіс. Жақын құрбыларыңызбен түсініспеушіліктердің болуы ғажап емес. Бірақ тез ұмытып, кешірімді болуға тырысыңыз. Қиын-қыстау кезеңде қасыңыздан табылатыны — тек жан жолдастар. Дағдыланған, көңілсіз жұмыс күндеріңіздің сәнін, достарыңызбен бірге өткізген кештер ғана келтіре алады.

Денсаулық

Демалыс керек

Сіздің сырқаттарыңызға бір ғана себеп бар. Ол — дамылсыз еңбек.  Денсаулығыңызға нұқсан келтірмес үшін, қабылдайтын асыңыздың құрамына, мезгілімен ұйықтауға да көбірек мән беріңіз. Бірінші жартыжылдықта тәтті тағамдарға құмарта бермегеніңіз абзал. Сондай-ақ, газды сулар мен майлы  тағамдар сіздің сыртқы келбетіңізге нұқсан келтіреді. Тамыз айының соңы мен қазан айына дейін ұзақ мерзімді демалыс алуға қолайлы. Сондықтан, қызметіңізден үзіліс алып, тынығып алыңыз.

Қызмет пен қаржы

Армандар орындалады

Есте сақтаңыз, бұл жылы табыс көзі сіздің маңдай теріңізден болмақ. Сондықтан, көп еңбектенуге тура келеді. Марс ғаламшарының әсерінен қызмет жолында өсу болады. Бастысы, берілген тапсырмалар немесе құрылған жоспарды толықтай орындауға ұмтылыңыз. Алып-қашпа әңгімелер мен ұсақ-түйек мәселелер үшін қанатыңызды қайыстырмаңыз. Басшылыққа жел сөздерден гөрі,  тындырылған істердің нәтижесі маңыздырақ. Лауазымыңыздың өсуі көктем мезгіліне сйа келеді. Қаржы мәселесі бұл жылы көп толғандырмайды. Қаражаттың көп бөлігін біліміңізді жетілдіруге арнасаңыз, қызметтегі табыстар қуанта бермек. 

Тауешкі белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға қарамастан, әр шешімді өзіңіз қабылдағаныңыз жөн. Ішкі әлеміңіз ғана дұрыс бағытты көрсетеді. Мақсаттарыңызды айқындаңыз, жүретін жол көп, таңдау — біреу.

Әйелдер

Бұқа жылында олар көптен бері мазалаған сұрақтарына жауап алады. Соның арқасында өмірге жаңа көзқарас пайда болып, өмір сүру салтына да өзгеріс енгізеді.

Махаббаттағы жылулық пен шығармашылық табыстар жыл бойы сіздің жағыңызда болады. Мамыр айында шетелге шығу туралы ұсыныс түссе, қарсылық білдірмеңіз. Бұл сапар сіздің алдағы өміріңізге оң әсерін тигізеді. Көктем мезгілінде нәзік сезім мен бақыттан басыңыз айналып, жігерлене түсесіз. Бұл жігер қызметіңізге пайдасын тигізеді. Сіз Нептун мен Плутон ғаламшарларының ықпалында боласыз. Ал жалғызбасты тауешкі ханымдар жеңіл-желпі таныстықтарға тап болады. Бұл жыл сондай-ақ, бизнес ашуды жоспарлап жүрген әйелдер үшін өте қолайлы. Туысқандармен бейбіт  қарым-қатынас орнатқаныңыз абзал. Қыркүйек айында ұсақ-түйек қиындықтардың әсерінен аздап күйзеліске түсуіңіз мүмкін. Бірақ, қайсарлығыңыз бен табанды мінезіңіз сізді жерге қаратпайды.

Ер адамдар

2021 жылы олар  қол жеткізген табыстарымен марқаймайды. Жаңа жоспарлар құрып, жаңа мақсатты көздейді. Айналасындағы жандардың ілтипатына бөленеді.

Жылдың бірінші жартысында еркелік пен босаңсуға жол бермеңіз. Ойын-сауық пен көңіл көтеру амалдарын іздегенді доғару керек. Ол жұмысыңызға кедергі келтіреді. Сәуір айында жұмыста орын алған келеңсіздіктерді бір ретке келтіру үшін заңгердің көмегіне жүгініңіз. Көктем мезгілінің аяғына қарай еңбекқор тауешкілердің қызметі алға басады.  Жаз айларында қызметтік өміріңізде өзгертулер орын алуы мүмкін. Демалыс күз мезгілінің соңғы айларына сәйкес келеді.

Жалпы болжам: өз бақытыңыз өз қолыңызда

Әрбір іске жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Жоспарлы түрде орындалған істеріңіз сәтті болмақ. Нептун мен Сатурн ғаламшарларының ықпалы  қызметіңізге де, отбасыңызға да жақсылық сыйлайды.

Махаббат

Романтикаға толы сәттер

Көптен бері ақ боз атты ханзадасын күтіп жүрген ханшайымдардың тілегі жаз басталғанша міндетті түрде орындалады. Тіпті, күтпеген жерден ғашық болып қалуыңыз мүмкін. Сезіміңіздің жауапсыз болмайтынына сеніңіз. Әлемнен жырақта қалсаңыз да, сіз асау сезімге тап боласыз. Бұл өзіңізді бақытты сезінуге көмегін тигізеді.  Сүю және сүйікті болу жаныңызға ләззат сыйлайды. Сүйіктіңіздің бар екеніне қарамастан, бөгде кісілердің көз тастаулары мен жылы сөздеріне мән бермеңіз. Ал, жылдың екінші жартысында қарым-қатынас шеңберіңізді одан әрі кеңейтесіз. Махаббатқа мастанатын сәттер жылдың 14-17 қаңтары, 1-3 ақпаны және 14-17 тамызына сәйкес келеді. Жалғыз басты тауешкілер көктем мезгілінде жеке өмірлерін қалыптасытруға шындап кіріседі. Ғашық жандар арасындағы салқындық наурыз бен сәуір айларында ғана көрінеді. Жалпы, 2021 жылы тауешкілердің махаббатта жолдары болады.

Отбасы

Революцияға жол бермеңіз

Сәуір айынан маусым айына дейінгі аралық отбасы мәселелерін шешуге ыңғайлы. Бұл уақытта жөндеу жұмыстарымен, жер мәселесі немесе басқа да құжаттарды рәсімдеумен айналысуға болады. Уран мен Плутон ғаламшарлары отбасының үрдіске айналған әдет-ғұрыптарына біраз өзгерістер енгізуі мүмкін. Ата-аналар мен балалардың пікірлері бір-біріне қарама-қайшы келеді. Отбасылы тауешкілер балаларына берген уәдесінде тұруы керек. Отбасыңыздың берекесі үшін уақытыңыздың көп бөлігін туғандарыңызға арнаңыз.

Достық

Жаңа танысулардан қашпаңыз

Тауешкілер табиғатынан тез тіл табысуға бейім жандар. 2021 жылы белсенділігіңіздің арқасында әр түрлі адамдармен танысасыз. Жылдың алғашқы жартысында достарыңызбен көңілді қыдырыстарда шек болмайды. Алайда, жылдың келесі жартысында сауық-сайран құруды азайтқаныңыз жөн. Наурыз айының соңына таман жақын құрбыңызбен әрбір ұсақ-түйек мәселелер үшін сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Мамыр айында көршілеріңізбен тату болыңыз. Іште кек сақтау сізге тән емес. Әріптестеріңіздің достық сезімдеріне сене бермеңіз. Қызметте достықтан гөрі, бәсекелестік басымырақ.

Қызмет пен қаржы

Биік мәртебе

Қызмет ететін мекемеңіздің абыройы үшін атқарып жүрген еңбегіңіз еленбей қалмайды. Мамыр айында өз ісіңізге шынайы сүйіспеншілігіңіз мәртебеңізді өсіреді. Осы айдың соңында немесе маусым айында қызмет дәрежеңіздің жоғарылауы мүмкін. Жаздың басында шетелге іс-сапар туралы ұсыныс түсуі ықтимал. Шілде айында сізге артылған міндеттер ұлғая түспек. Қызметтік жоспарларыңыз сізді жеткекші етіп, алға шығарады. Бірақ, құрған жоспарларыңызды алдын ала сыртқа шығармағаныңыз абзал. Кей әріптестеріңіз жолыңызға бөгет болуы мүмкін. Жасы үлкен қызметтестеріңізден көмек сұрауға намыстанбаңыз. Жұмыста көкірек кернеуге болмайды. Жыл бойы материалдық жағдайыңыз тұрақты болады. Қыркүйек айларында қосымша табысқа кенелесіз. 

Суқұйғыш белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Жыл бойы келіп түскен ақпараттарға,  алып-қашпа әңгімелерге, кеңестер мен бөгде кісілердің уәдесіне сене бермегеніңіз абзал. Өйткені, алдап кеткісі келіп жүрген жандар жақын жерде жүр. Бірақ, адамдармен қарым-қатынас жасауда өзіңізге шек қоймаңыз. Жылдың әзірлеп тұрған тосын сыйлары баршылық.

 Әйелдер

Нәзік жанды суқұйғыштар туған-туыс, бауырларына демеу болады. Уақыты мен зейінін жақын жандарынан аямайды. Өзіне де уақыт табады.

Өмір салтыңызды оң бағытқа бұруға талпыныңыз. Өзіңізді тек үй шаруасына арнағаныңыз дұрыс емес: рухани және материалдық дағдарыстарды тең көру күйзеліске түсіреді. Жаңашылдыққа ұмтылыңыз, белсенді болыңыз, жаңа танысулар мен көңілді кештерден бас тартпаңыз. Ой-өрісіңізді кеңейтсеңіз, қыркүйек айында үлкен жетістікке жетесіз. Шығармашылықпен айналысатын суқұйғыштар жылдың екінші жартысында Юпитердің ықпалында болып, ауқымды істерді сәтті тындырады. Жұмысбасты ханымдар қызметте ерекше белсенділік танытады. Жеңістерімен жақындарын қуанта алады. Жылдың соңына қарай суқұйғыштардың бұған дейін белгісіз боп келген қырлары ашылып, құрметке ие болады.

Ерлер

Олар өздерінің пысық екендерінен дәлелдейді. Қоғамдық істерге белсене араласады. «Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырмау және мүмкіндікті құр жіберіп алмау» — деген ұстаныммен суқұйғыш еркектер өнімді еңбек етеді.

Жылдың бірінші кварталында қоныс мәселесін шешумен айналысады. Суқұйғыш ер азаматтарды үй шаруасына араластырмаған дұрыс. Олар үйдегі еңбектен гөрі, түздегі еңбекті қалайды. Суқұйғыштар романтикаға құштарлығының арқасында сүйіктілерінің құмарын қандырып жүреді. Әсіресе, жылдың екінші жартысында бойда алаулаған махаббат сезімінен батыл қадамдарға барады. Тамыз айының соңынан бастап қызмет бірінші орынға шығады. Әлеуметтік мәселелердің шешілуі жылдың соңында болмақ.

 Жалпы болжам: Армандардың орындалуына бар күшіңізді салыңыз

Бұл жылы сіз өмір баспалдағымен алға қарай қадам басып келе жатқаныңызды ұғынасыз. Қадамдарыңызды нық сеніммен басыңыз. Сонда ғана бақыт кілтіне қол жеткізесіз. Өмір тынысындағы өзгерістер асықпай сезіледі.

Махаббат

Алтын балықты іздеңіз

Қаңтар мен наурыз айлары аралығында сүйіктіңізбен тым жақын қарым-қатынас орнайды. Сізге қызуқандылығыңызды тежеуге кеңес беріледі. Сыңарыңызды шошытып не болмашы нәрселерге ренжітіп алуыңыз ғажап емес. Бұл аралықтағы жеке өміріңіздің сәтті қалыптасуы көңіл күйіңіздің көтеріңкі болуына да жол ашады. Ақпан айында қаржы мәселесіндегі қолайсыздықтар жеке өміріңізді аз уақытқа салқындатады. Дегенмен үмітіңізді үзбеңіз. Сәуір айында нағыз ынтық сезімді бастан кешесіз. Жаз айларында ескі махаббаттарыңыздың бірі жеке өміріңізге араласуы мүмкін. Әйтсе де, бұл қиын кезеңде сіз өз жұбыңызға шынайы сүйіспеншілігіңізді айналадағы жандарға дәлелдей аласыз. Күз мезгілінде отбасыңызбен бірге болыңыз. Жалғызбасты суқұйғыштар жаз айларында қарсы топ мүшелерінің назарын өзіне аударып, тосын сыйларға ие болады. Ал күз мезгілінде олардың жүрегінде махаббат сезімі бүршік жаруы ықтимал.

Отбасы

Әр мәселенің шешімі бар

Өзіңізді жетілдіруге ұмтылыс кезінде, ағаңыз не әпкеңіз бар көмегін аямайды. Сондай-ақ, қызметтік өмірде толағай табыстарға жетуіңізге ата-анаңыз себеп болады. Олардың тәрбиесі мен кеңестерін қабылдап, қажетіңізге жарата білгеніңіз абзал. Алғашқы жартыжылдықта пәтер алмастыруыңыз немесе құнды мүлікке қол жеткізуіңіз ықтимал. Қомақты қаражат жұмсауда абай болыңыз. Күз айлары ең жақын адамдарыңызбен өтпек. Балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл аударыңыз.

Достық

Қолдау достарыңыздан болады

Құрбыларыңызбен жиі бас қосулар сергектік пен жан рақатын сыйлайды. Олардың жанында барлық жағдаяттарды бір сәтке ұмытып кетуге болады. Бірақ, достарыңыздың барлығы бірдей сізге адал деп айтуға болмайды. Сыр бөлісуде жаныңызға тек ең жақын құрбыңызды серік етіңіз. Достарыңыздың алдында өзіңізді өркөкірек, менменшіл етіп көрсетуден сақ болыңыз. Ақпан немесе наурыз айында ең жақын құрбыңызбен достығыңызды сынақ тосып тұр. Ол қаржыға байланысты болуы мүмкін. Дау тудырмай, бейбіт жолмен шешуге талпыныңыз. Әр сөзді өзіңізге тым жақын қабылдамауға тырысқаныңыз жөн. Күз мезгілінде шынайы достарыңыздың кім екенін білетін боласыз.

Денсаулық

Өзіңізге уақытты аямаңыз

Қаңтар айынан бастап шілдеге дейін сақтанып жүргеніңіз дұрыс. Қас-қағым сәтте денеңізге ауыр күш түсіріп алуыңыз мүмкін. Жұқпалы ауруға шалдыққан жандарға жақындамас бұрын, сақтық шараларын жүргізіңіз. Егер ота жасатуға мәжбүр болған суқұйғыштар болса, 16 мамыр мен 29 маусым аралығында қамдансын деп кеңес беріледі. Көктем айларында созылмалы аурулардың алдын алу үшін қажетті емдік процедураларға қарсылық білдірмеңіз. Дәрігерге баратын уақыт табылуы тиіс. Жүйке жүйеңіздің қызметін жақсарту үшін, дене еңбегімен шұғылданыңыз, суда жүзіңіз. “Үнсіздік күнін” ұйымдастыруға болады. Күні бойы бір жанменсөйлеспейсіз, сонда ішкі әлеміңіздің дыбысын ести аласыз.

Қызмен пен қаражат

Тағдырыңызға сенім артыңыз

Қаржы қалтада жұмсалу үшін пайда болады деген ой түйіңіз де, әрбір кеткен тиынның ізінен өкініш айтпаңыз. Бірінші жартыжылдықта іс-сапарлар заттай табыспен қоса, мол тәжірибе жинақтауыңызға себеп болады. Сәуір айында лоторея мен акцияларға қатысыңыз. Ұтыс сіздің жақтан көрінеді. Жаз айларында тиянақты еңбегіңіз үшін қосымша сыйақы аласыз. Маусым айында жұмысбасты суқұйғыштар қызметте тапсырмаларға шаш етектен батуы мүмкін. Қағаздармен жұмыс, келіссөздер шаршатып жібереді. Күз айларында қызмет бірқалыпты күйге қайта енеді. Ал қысқа қарай, тәуір жұмысқа өзіңізді ұсынып көруіңізге болады. Қыстыгүні мүмкіндіктеріңіз шектеусіз.

Балықтар белгісінің 2021 жылға арналған жұлдыз-жорамалы

Осы жылы өз-өзіңізге психолог болуыңыз керек. Айналаңыздағы кей адамдардың қылықтарына ренжімеңіз, сәтсіздікке ұшырасаңыз, налымаңыз, бастаған істі аяқтай алмағандығыңызға қапаланбаңыз, ой-пікіріңізді әлдекімдерге жеткізе алмағаныңызға күйзелмеңіз. Дұрысы – барлық жағдайды сабырмен ой талқысына салып, өмірлік сабақ болатын қорытындылар шығарыңыз.

Әйелдерге

Балық белгісімен туылған нәзік жанды балықтар айналасындағы жандарды қуанышқа бөлеп жүреді. Олардың шаңырағынан қонақ, жүзінен күлкі кетпей, жақындарына қуаныш сыйлап жүреді.

Жыл басында өзіңізді түсіну ұиын болады. Ішкі жан дүниеңіз әлдебір нәрсені қалайды, бірақ оны таппаған жаныңыз үнемі алаңдаулы болады. Дегенмен, сіздің бойыңызда тұнып тұрған тұйық мінез бен мейіріміңіздің арқасында оны айналаңыздағы жандарға көрсетпейсіз. Сіздің ұтатыныңыз да осыдан. Ақпан айында бәрі орнына келеді. Көп сырды іште сақтағаннан гөрі, жақын жандарыңызбен бөлісіп отырғаныңыз жақсы. Көктем мен жаз мезгілдерінде махаббат сезіміне мастанып, рахат күйде жүресіз. Күз мезгілінде демалыс пен сапарлар күтіп тұр.

Ер адамдарға

Отбасылы Балықтар жұмысбастылықпен сүйіктілерін назардан тыс қалдыруы мүмкін. Мұның соңы қарым-қатынаста келіспеушіліктер тудыруы мүмкін.

Жыл өміріңіздегі атаулы жылдардың бірі болмақ. Оған өзіңіздің қажырлы еңбегіңізбен, жаңа адамдармен қарым-қатынасыңыз себеп болуы мүмкін. Тамыз айында әлдекім сіздің ар-намысыңызға нұқсан келтіруге тырысып бағады. Кейбірін алдын ала сезіп, қорғануға дайын боласыз. Енді бірі сізді қатты күйзеліске түсіреді. Мұндайда сізге достарыңыз шын жанашыр болады. Қапаланбаңыз! Уақыт өте ол адам өзінің қателескенін түсініп, көпшілік алдында сізден кешірім сұрайтын болады. Жалып, тамыз айы соншалықты сәтті бола қоймайды. Жұмыста да қосымша тапсырмалар пайда болатын сыңайлы.

Жалпы болжам: басқа бәле – тілден

2021 жыл сіз үшін оқиғаларға, таныстықтарға, бәсекеге, табысқа толы жыл болады. Сіздің қай іске де белсенділікпен кірісетініңіз соншалық, айналаңыздағы кейбір жандар сізге қызғанышпен қарайтын болады. Міндеттеріңізді тиянақты орындауға ғана көңіл бөліп қоймаңыз. Аузыңыздан шығатын әр сөзіңізге де мұқият болыңыз.

Махаббат

Өз бақытыңыз өз қолыңызда

Бұқа жылында жалғызбасты балықтарды романтикалық кездесулер мен танысулар күтіп тұр. Таныстарыңыздың қатары көбейе түспек. Өмірлік серігіңізді табуға деген тілегіңіз арта түседі. Ал отбасылы балықтарға бала мәселесіне немесе тұрмыстық мәселелердің қиындауына орай, ұрыс-керісті басу үшін бірнеше күнге оңаша демалып келуге кеңес беріледі. Оңаша қалған сәттерде отбасыңыздың қаншалықты маңызды екенін ұғасыз. Махаббат өмірді қызықтыра түсетінін естен шығармай, сезіміңізді білдіріп жүріңіз.

Отбасы

Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды

Отбасы мәселесіне қатысты туындаған қиыншылықтардыақылға жеңдіре біліңіз. Шыдамдылығыңыз үшін сізді тамаша тартулар күтіп тұр. Әсіресе көктем айлары сіз үшін тосын сыйларға толы болмақ. Күтпеген адамдар сізді көңіл көтеру кештеріне шақырып, құрмет көрсететін болады. Бұл сіздің көңіл күйіңізге жағымды әсер етеді. Осылайша келеңсіздіктердің бәрін ұмытып, жақсы күндерге үмітіңіз қайта оянатын болады. Бала тәрбиесіне назар аударғаныңыз дұрыс.

Достық

Кешірімді болыңыз

Жыл басында сіз өзіңізді сұрақ астына аласыз. Сұрақтар достарыңызбен арадағы қарым-қатынасқа байланысты. Дегенмен, сізді ренжіткен құрбыларыңызға кешірімді болыңыз. Аузыңыздан шығатын әрбір сөзіңізге абай болыңыз. Әйтпесе ашумен айтқан кей сөздеріңізді достарыңыз өзіңізге қарсы дәлел ретінде пайдалануға, кек алуға тырысуы мүмкін. Қысқасы, егер осы жылы өміріңізде қиыншылықтар орын алатын болса, оған көбіне өзіңіз кінәлі болмақсыз. Мәселен, жасаған қателігіңізді алдағы уақытта тағы да қайталауыңыз мүмкін. Демек, сізге қателіктеріңізден сабақ ала білу жетіспейді.

Денсаулық

Күшіңіз — деніңіздің саулығында

Бұл жылы сіздің денсаулығыңызға қызығып қарауға болады. Себебі, оған бас қатырмайсыз. Дегенмен, наурыз-сәуір айларында бойыңызды көктемгі әлсіздік билеп, беймаза күйде жүруіңіз мүмкін. Бұл айларда көлік жүргізуге қатаң тыйым салынады. Жаз айларын демалысқа арнаңыз. Күн астында серуендеп, дене шынықтырумен айналысқаныңыз абзал. Күзде ішімдік немесе көп дозалы дәріден улануыңыз мүмкін. Сондықтан, сақ болыңыз. Жалпы алғанда, жыл бойы өзіңізді сергек сезініп, белсенділігіңізді арттыра бермексіз.

Қызмет пен қаражат

Еңбегіңіз өнімді

Рас, еңбегіңіз көп жағдайда өнімді болады. Дегенмен қызметте де, жеке өмірде де жетекші рөл атқаруға ұмтылмағаныңыз жөн. Жағдайды қанша тездеткіңіз келгенімен, өзіңізді тежей білгеніңіз дұрыс. Алыс іссапаларлар нәтижелі аяқталады. Жыл қаржылық аймақта тәуекел етуді қолдамайды. Өзіңізге қатты қажет затты ғана сатып алыңыз. Сондай-ақ әріптестеріңіз қызмет бабында сізді өз мақсаттарына пайдалануға тырысуы мүмкін. Бастапқыда олардың айтқанына қалай тез келісіп қойғаныңызды білмей қаласыз. Уақыт өте шын пиғылдарын сезесіз. Ендеше, келесіде жұмысыңыздың көп екендігін айтып, өтініштерінен бас тартыңыз. Қызметіңізде көтерілу де осы жылға тұспа-тұс келіп тұр. Ісіңізге сәттілік.

осы кунги жулдызнама,осы күнгі жұлдызнама,бүгінгі күнге жұлдыз-жорамал,бугинги кунге жулдыз-жорамал,ертенги жулдызнама,ертеңгі күнге,ертенги кунге,кун сайынгы,казакша гороскоп,казакша жулдызнама,казакша тус жору,жулдыз-жорамал,жулдыз жорамал,жулдызнама,кундик,күндік,айлық,айлык,жулдызнама кун сайын,токты,торпак,егиздер,шаян,арыстан,бикеш,таразы,сарышаян,мерген,тауешки,сукуйгыш,балыктар,токтыларга,торпактарга,егиздерге,шаяндарга,арыстандарга,бикештерге,таразыларга,сарышаяндарга,мергендерге,тауешкилерге,сукуйгыштарга,балыктарга,жылдык болжам,2021 жылга жулдызнама,2021 жылгы жулдыз жорамал
2.7 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:

Похожие

Подписаться
Уведомить о
guest
1 Комментарий
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Анель
Анель
3 лет назад

Маған ұнады

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.