...

8 НАУРЫЗ ТАҚПАҚ

Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр жауды.
Бір тамшысын әкелдім,
Анам, саған!
Гүлдер жауып кетіпті
Қырды, тауды.
Бір шоқ теріп әкелдім,
Анам, саған!

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.

Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

8,наурыз,март,айелдер,куни,әйелдер,күні,аналар,куттыктау,құттықтау, текст,сөзі,сөздері,создери,тилектер,куттыктаулар,құттықтаулар,арналган,арналған,мейрам,мейрамы,мерекеси,мерекесі,мереке,тилек,тілек,тілектер,наурызга,наурызға,кыздар,қыздар,кыздарга,қыздарға,мамалар,аналар,карындас,қарындас,такпак,такпактар,тақпақтар
3.5 42 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
1 Комментарий
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Еламан
Еламан
2 лет назад

Мугалим туралы

Прокрутить вверх