...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

99 ТІЛЕК

-1-

Білім менен,

Өнерді сүй, сусында,

Деп айтсын ел:

“Осындай ер тусын да!”

Арың – серік,

Қызғанышың жоқ болса,

Дүниенің бар бақыты уысында.

-2-

Әдептен асып сөз айтпа,

Тап боларсың мазаққа.

Өнбейтін іске жүгіріп,

Өзіңді салма азапқа.

-3-

Бол, достар,

Таудай асқақ, судай тұнық,

Әдептен аспасын тек қылған қылық.

Арақтан-өз әзілден аулақ жүргін,

Бұл шарап жүр талайды жандандарып.

-4-

Шіркін-ай,

Не жетеді саушылыққа,

Көктегін, көкке ұмтылған тал шыбықша.

Дені сау,

Бауыры бүтін жанға,

Дүниенің бар қызығы таусылып па?

-5-

Жалғыздың үні шыққан ба,

Сіңеді сағым бұлттарға.

Тірлікте тіреу болатын,

Достыққа жетер күш бар ма?

-6-

Таңдардың бола бермес арай бәрі,

Атаңның ағы куә самайдағы.

Жаны лас, жамандарға жоламағын,

Кірлетпе ешқашанда ар-айнаны.

-7-

Арына, ата атына кір келтіріп,

Жамандар жүр намысын күнде өлтіріп.

Кежеге кейін тартқан жалқау болсаң,

Сәлемін бере саған кім менсініп.

Жігіт бол, еңбек құмар, елге сыйлы,

Бойыңнан таба алмайтын бір кемшілік.

-8-

Көрерсің барлығын да несібіңнен,

Кедейлік-жалқаулықтың кесірінен.

Еріншектің ертеңі таусылмайды,

Енжардың жылжымайды көші мүлдем.

-9-

Алаяқ күн көреді істеп ұрлық,

Менмендік мұқатады іштен үңгіп.

Сыртынан жүрме сырын білмес аттың,

Кей жаман сөз сөйлейді тітеп тұрып.

-10-

Бойында қулық пенен сұмдық айла,

Сан соқтырар, жолама сұмырайға.

Жаманмен жолдас болсаң,

Сын сағатта

Лақтырып кете берер шаңырауға.

-11-

Өнерпаз ешқашанда қор болмайды,

Жағымпаз құрдай болып жорғалайды.

Көңілінің көзі бар зерделінің,

Ақылы нұрландырар бар маңайды.

-12-

Кісінің байқап білгін парасатын,

Пайымы біреулердің аласа тым.

Рақым мен байсалдылық, білімділік,

Нұр береді жігітке жарасатын.

-13-

Үлкен күнә уәдеде тұра алмаган,

Қулар көп арын отқа суармаған.

Адамға қолдан келсе қайырым ет,

Қайтады жақсылығы бір Алладан.

-14-

Көзің сүзіп, тамсанып қарама құр,

Байлыққа жету үшін керек ақыл.

Талпынғын, талапқылғын, еңбек еткін,

Бос сөзбен орнатпай сен заманақыр.

“Еңбектің түбі-зейнет деген екен,

Еш кетпес маңдай терің, табан ақың.

-15-

Жаманның мінін айтсаң жыны ұстайды,

Жақсылар өзі-ақ біліп дұрыстайды.

Тірлікте ар-иманын кірлетпеген,

Қаймықпай емін-еркін тыныстайды.

-16-

Залымының әрбір күні үрей, күдік,

Алшаңдап ары таза жүрер күліп.

Алдынан үлкендердің қия өтпейді,

Зерделі, жөн жосықты білер жігіт.

-17-

Жәбірге көнбе,

Жылпосқа сенбе.

Қалдырар жолда,

Жылмиған пенде.

-18-

Қашаннан адамзатқа ұят-қорған,

Қол созар адал жанға мұратты арман.

Болмасар ар-намысы несіне адам,

Құр кеуде қуыс қурай сияқтанған.

-19-

Жақсы мінез, жылы сөз – жан дәруі,

Жігіттің керек мұны аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп,

Тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

-20-

Халқыңның дәстүрінен өнеге ал,

Айдынға бастайтын ол кеме болар.

Кеуде ұрып өзіңді өзің дәріптеме,

Жұрт өзі керектігін елеп алар.

-21-

Нұр ғып шаш жүректегі шапағатты,

Табасың жұрттан мейір, махаббатты.

Тоғышардың дүниеге көзі тоймас,

Байлыққа құнықпағын аса қатты.

-22-

Жамандық қала алмайды жазаланбай,

Адалдық еркін жұтар таза ауаңдай.

Қиянат, жәбір және зорлық қылсаң,

Жүрерсің өмір бойы мазаң болмай.

-23-

Бақ, дәулет қонақтамас мәңгі басқа,

Надандық-білмей тұрып салғыласса.

Ер жігіт өмірде өзін тұсамаса,

Оп-оңай айналуы қаңғыбасқа.

-24-

Шектелме қанағатым бар екен деп,

Тосылма шығатыным тау екен деп.

Таусылмас созылатын сапар күтсін,

Ер жігіт іс бастайды тәуекел деп.

-25-

Иман берер пиғылдың тазалығы,

Кім сыйлайды ақылы шамалыны.

“Ұлық болсаң – кішік бол”, кеуде керме,

Саңлағым деп сыйлайды саналыны.

-26-

Тоқтаусыз тірлік табан тіреткен бе,

Салмағын салар нәзік жүректерге.

Сүрінбе өмірдің әр соқпағынан,

Сүйемін, сәтті сапар тілеп мен де.

-27-

Аяма жүректегі жылуыңды,

Танытқын парасат мен білігіңді.

Сезім-құс, үріксе ұшып кететұғын,

Көңіл-көл, лайлама сен тұнығыңды.

-28-

Жүрмейді тек жүрекке әмір бөтен,

Шын сезім-қол жетпейтін тәңірге тең.

Өксікпе өте шығар сүрген өмір,

Егер де махаббатты жәбірлесең.

-29-

Алаяқ, іш-мерезден аса сақтан,

Аулақ бол, құр мақтан мен бос атақтан.

Билігі өзіне өзі жүрмейтіннің,

Өмірі тұрады екен машақаттан.

-30-

Сезімі жоқ адамдар -қуыс кеуде,

Бара алмайды жігіттік ірі істерге.

Өтірікші өмірі өтер зая,

Болмайды ұйқысын да тыныш деуге.

-31-

Байқасаң заңдары бар өмірдің өз,

Жараспайды адамға жеңіл мінез.

Жылауға да өзіңді даярлай біл,

Баста тұра бермейді көңілді кез.

-32-

Білемін деп бәрін де өзеуреме,

Дариямын демейді өзен неге?

Байлық пен билігіңе мастанбағын,

Кішік бол патша болған кезеңде де.

-33-

Жарыңның қабағына мұң түсірме,

Бақыт бар уайым жоқ, шат пішінде.

Жүрегіңде мейірім, иман болса,

Қадірлейді жар түгіл, жат кісің де.

-34-

Мінездің қырсықтығы -қырық кісілік,

Жатады береке мен құтты ұшырып.

Қызғаныш та жегі құрт, іштен мұжып,

Жүйкені жер, бүйректі бүк түсіріп.

-35-

Түспегені абзал ғой арға дақтың,

Күйін кешпе түндер ұшар жарканаттың.

Адал адам әрқашан еңсесі тік,

Арың кір ме,

Дей бергін сорға баттым.

-36-

Өтсең де қара қазан жағалап тек,

Адамға кірдей жұққыш жаман әдет.

Жаманнан ешқашанда қайыр болмас,

Қадірін жақсылардың бағалап өт.

-37-

Бойыңда болмаса егер асыл әдеп,

Бәлекет кетпес сенің басыңнан көп.

Адамдар айналаңнан аулақ қашар,

“Көргенсіз, мына біреу тасыр ма” – деп.

-38-

Салауат сіңе берсін салтымызға,

Жас ұрпақ келеді өсіп артымызда.

Темекі, араққа сен құмар болма,

Халқымыз құмар болған бал қымызға.

-39-

Жүзі жарқын болады ары адалдың,

Зиялылық- белгісі дана адамның.

Ақылы мен ажары бірдей болсын,

Жарыңды мінезіне қарап алғын.

-40-

Ұқсама жапырақсыз қу ағашқа,

Өсек -аяң сөздерге құлақ аспа.

Жаманшылық жаныңа ұялатпа,

Жақсы болсаң бармассың қиянатқа.

-41-

Жаның үйір болсыншы жаңалыққа,

Акылын зердеңе түй, дананы ұқ та.

Дұшпанға – айбар, досыңа пана болар,

Адамдык қасиетті санада ұста.

-42-

Жақсыға тән қыл өтпейтін татулық,

Кейбіреудің сәлемі де сатулы.

Тіршілігің болсын десең татымды,

Жүзге бөліп, алалама жатыңды.

-43-

Дүние-теңіз, тербегін толқын болып,

Тулатқын тіршілікті серпін беріп.

Сөзде түр, уәде берсен әр уақытта,

Жігіт бол, орындайтын сертін берік.

-44-

Сатулы менмендердің сәлемі де,

Даңқтың бар мастантар әлегі де.

Мәйегіне бойласаң дана сөздің,

Нұр түседі рухани әлеміңе.

-45-

Жасықтың бықсып жатар түтіні іштен,

Көз ашпас қиналыс пен күрсіністен.

Жанығын жігеріңді, борша үгілме,

Әрқашан болсын, інім, рухың үстем.

-46-

Дақ түсірме арыңның айнасына,

Алаяқтың алданба айласына.

Істеген іс, тірлігің бәрі бекер,

Халқыңның аспасы егер пайдасына.

-47-

Жетесізге жеке бастың қамы-мұң,

Саналы сөз айтсаң – елге тағылым.

Біліміңмен, өнеріңмен, еңбекпен,

Түсір жұртқа жүрегіңнің жарығын.

-48-

Жалқаудың біте қоймас тез жұмысы,

Қойғанын көштен қалып сезді ме іші?

Құр ұйқы, сылдыр сөзбен күн өткізер,

Салақтық, еріншектік – ездің ісі.

-49-

Аялар күйттейді тек күн көрісін,

Көрсете алмас еліне іргелі ісін.

Ынтымағы бар елдің ырысы артық,

Тату елдің тұғыры-жүлделі шың.

-50-

Кей жігіт боп келеді қылжақ құмар,

Орынсыз, бос ыржаңды кім жатырар.

Сүйем деп сылдыр сөзбен көлгірсіме,

Болмасаң бойжеткенге шындап құмар.

-51-

Абырой мен қасиетін төгіп-шашқан,

Үлгі алма бейпіл ауыз, желікбастан.

Мәніне мақалдың да бойлай алмай,

Өтеді санасыздар сөз ұқпастан.

-52-

Шалқақтап мәз боласын әлденеге,

Құр жүріс өміріңе сән бере ме?

Терді төк, беліңді бүк, еңбек еткін,

Бейнетсіз, тауқыметсіз мал келе ме?

-53-

Қырттар бар қазақ тілі ұнамаған,

Тілін білмей өз ұлтын кінәлаған.

Мәңгүрттер қоғамының кеселі екен,

Сақта, құдай, дүмбілез, дүбәрәдан.

-54-

Бабамыздың қасиетті күйін жалға,

Құрманғазы саздарын сіңір қанға.

Қазақ десе, қарағым, қаның қызсың,

Сен түгіл, бозторғайда шырылдауда.

-55-

Адам қонақ, қу дүние жалғаны рас,

Кейбіреу тірлігіне тәубә қылмас.

Сусын ет даналардың нақыл сөзін,

Өзің сүрген уақытпен бол да құрдас.

-56-

Махамбеттің ерлігін, өжеттегін,

Өлеңінен оқы да, бөлекше ұғын.

Бас кессе де тіл тартпай кеткен ақын,

Қанға құйсаң қасиетін -зеректігің.

-57-

Бойыннан таппасын ел тарыдай мін,

Жасампаз ісін жаса Абылайдың.

Қазақ боп тудың ба екен, алаңдағын.

Алаштың жанады деп бағы қай күн?

-58-

Тіршілікте ер жігітке толы сын,

Қайырым ет, тигіз елге қол ұшын.

Туған елдің туын көкке көтеріп,

Отан үшін отқа түсу – борышың.

-59-

Дос болмағын түк ұқпайтын түлеймен,

Жүрегі тас пенделерден үйренген.

Отан үшін ажалға да басты тік,

Пана тапсын иығыңа сүйенген.

-60-

Жалған сөз, өсек, ұрлық қазулы қор,

Аузында шын жаксының езіп жүрер.

Сын айтса, санаға күй, сарапка сал,

Тоқта да әділ сөзге тағыңды бер!

-61-

Әлпештейді, аялайды адал жар,

Жар жылуы – жүрекке нәр, соны аңғар.

Өзіңді өзің кұрметтегің келсе егер,

Аяулыңды жүрекпен сүй, адамдар.

-62-

Жүрер біреу жарының, жанын ұқпай,

Жүрер біреу әлпештеп, абыржытпай.

Өзің сүйіп алдың ба,

Өмір бойы,

Әйеліңді қадірле калыңдықтай.

-63-

Өзгені де көре білгің өзіндей.

Жан байымас жаттың мұңын сезінбей.

Өткін, қалқам, иман үшін, ар үшін,

Түннің ояу жұлдызындай көз ілмей.

-64-

Тоғышарлар ойлайде тек өз басын,

Адамдардын ақ тілегі тозбасын.

Күнде күлмей, жылайды ғой пенделер,

Көрсек екен қуаныштың көз жасын.

Махаббат пен жаралған гүл егіз боп,

Қатігезден пәк сезім күдер үзбек.

Жақсылықтан жүрегің тұрса түңіл,

Барша жұрт тек өзіңді жүрер іздегі.

-66-

Күн кешеді кей жаман калғып-мүлгіп,

Амандыққа қол алмас басын шұлғып.

Ауызға алып Алланы, намаз оқы,

Берілген соң адамға жалғыз тірлік.

-67-

Өмір шуақ, өмір кейде бұрқасын,

Бұрылуға келтірмейтін мұршасын.

Елге еңбек-болар әділ таразы,

Сүрген ғұмыр, есептеме құр жасын.

-68-

Өнеге қыл аттаған әр ізіңді,

Тереңге жай тектілікті -тамырыңды.

Азамат боп өмірге келдің екен,

Ұмытпағын парыз бен қарызыңды.

-69-

Жатады иттер үріп, керуен көшіп,

Күтеді азаматты ертең кәсіп.

Ала жібін аттама ешкімнің де,

Таусылмас тәңір өзі берген несіп.

-70-

Дүниедегі сұлулықтың сырын ұқ,

Ән мен күйдің әуезіне жылынып.

Күмбір-күмбір күйлерінде жатыр ғой,

Бабамыздың бойындағы ұлылық.

-71-

Мінездері бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік-әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқын шараңнан.

-72-

Өмірге селқос қарау – саналар мін,

Жоғалтқанын қайтадан таба алар кім?

Уақыт-қымбат, құнын ұқ, қадірін біл,

Алтынды қолда барда бағалағын.

-73-

Қол үзсең асыл арманнан,

Қаларсың қапыл олжаңнан,

Шыңға да шығар қарманған.

Жаулағын жұрттың жүрегін,

Тұлпар бол, балам, топжарған.

-74-

Мінездің бар ұсағы, кесегі де,

Біреулер жүйрік ішкі есебіне.

Құмартпа жаңақорлық, пенделікке,

Кім намаз оқып жүр деп етеріне.

-75-

Біреулер жөн – жосықсыз тойға құмар,

Айтарыңды алдымен ойланып ал.

Асығыс іс істеме, сөз сөйлеме,

Мінездің көк суын төк, қаймағын ал.

-76-

Ақымақ ой жүгіртпес арғысына,

Қарамас ар-ұят пен намысына.

Қиянат, зорлық, қорлық жасағандар,

Қалады жүргенің қарғысына.

-77-

Біреуге жүре алмайсың міндетсіп сен,

Адамдар азап шегер білместіктен.

Тоқтам, ынсап, қанағат сүйеу болсын,

Бол аулақ бақталастық, күндестіктен.

-78-

Салмақ сал үзеңгіге ылди, өрде,

Қомағай жем қорларға тізгін берме.

Ел айтсын жүйріксің бе, шабансың ба,

Асықпа өзіңді өзің дүлділ деуге.

-79-

Сақ болғын сұғанақ пен сұрамсақтан,

Алдап — сулап алаяқ, жүр ант атқан.

Құдайында сатуға тайынбайды,

Алланы ауызға алып Құран сатқан

-80-

Ақыл айтсаң тез ұғар саналы ұлға,

Көңілінің күй ойнап шанағында.

Жігіт болсаң алмас бол жарқ-жүрқ еткен,

Досқа – күлкі, дұшпанға – таба қылма.

-81-

Қуаныш, шаттық үшін ашылды есік,

Дос-жаран жатыр құптап, мақұл десіп.

Осылай көңілі жақын, сыйластардың,

Не жетсін отырғанға басын қосып.

-82-

Кім жаман болсын дейді сүйікті ұлын,

Сен барда – еңселімін, иықтымын.

Құлқынның құлы болсаң-күйіктігің,

Халқыңның ұлы болсаң биіктігің!

-83-

Ұшы үшін қанат керек қыранға,

Нағыз сұңқар самғап шығар шығанға.

Тірлігіңде тап болмағын тұманға,

Айнал, ұлым, ұрпақ айтар ұранға.

-84-

Күні кеше бесігіңді тербегем,

Қыранымсың көкке құлаш сермеген.

Өмір жасың ұзақ болсын, құлыным,

Қырсығынан сақта, құдай, көлденең.

Пәле қума, өсекке ерме, кектенбе,

Ақиқаттың қылышынан сескенбе.

Ақындардың басын кескен, әйтседе,

Қызыл тілін кесе алмаған, еш пенде.

-86-

Пейілі кең ешқашанда жұтамас,

Қонақ келсе төріңді ұсын, құшақ аш.

Бауырларың – жал құйрығың, қанатың,

Қанаты жоқ қыран көкке ұша алмас.

-87-

Жасайтын өз кесімін, өз жарлығын,

Өзіңде болсын, балам, өз хандығың.

Жеке басты күйттесең-жетесізсің,

Ар – ожданды кірлетсең-азғандығын;

-88-

Қызғалдағым, гүл-гүл жайна, көктегін,

Басқа қонар бақыт бар ма теп-тегін?

Келін болсаң әдепті бол, ел мақтар,

Қуанайын қызым еді деп менің.

-89-

Еншілей біл Тарихтың тәбәрігін,

Анықтағын ақ пен қара аралығын.

Асыл мұра-өткен күннен бізге келген,

Кітаптарда – қазына, дана ғылым.

-90-

Өмірде көсем де өткен, шешен де өткен,

Ғибраты ғасырлардан есен жеткен.

Біреуді баспалдақ қып шыңға шықпа,

Тұғырға жет, тер төгіп еңбекпенен.

-91-

Жаманның ит құрлы да септігі жоқ,

Қалқайып жүргендігін етті міндет.

Саналы ұл ғылым іздеп, өнер табар,

Қанша өнер үйренсең де көптігі жоқ.

-92-

Ақылмен бойлай алсаң қойнауына,

Таусылмас іздегенге ой — қазына.

Еңбекпен тапқан астың дәмі тәтті,

Атақ пен бақ та келер байғазыға.

-93-

Күн кешпе селсоқтықпен, салғырттықпен,

Ол жанды тезге салып, тағдыр түткен.

Болмағын өз халқының өгей ұлы,

Сақтанғын тілін білмес мәңгүрттіктен.

-94-

Байыптасаң өмір мен өнер егіз,

Ән-күй тыңдап рахатқа кенелеміз.

Бабалар аманатын аман сақта,

Қазақша ән шырқасын шөбереміз.

-95-

Жоқта жасып, жүреді барда есіріп,

Дарақылық, даңғойлық – әурешілік.

Одыраңдамай одан да тәубеңе кел,

Құр мақтанмен сан соғып қалма өкініп.

-96-

Тасыма өрмін деп те, зормын деп те,

Күпінбе болдым деп те, толдым деп те.

Көзіңді шел, көңіліңді түнек басса,

Сүмірейіп қаларсың сор күн жетсе.

-97-

Жүрсінші айбарың мен сесің бірге,

Ынжық болсаң – еңбегің есіл мүлде.

Бауыржандай жасқанбай жауға ұмтыл,

Жаужүректігін бойыңа көшіргін де.

-98-

Барда тасып,

Жоқ болса жасымағын,

Табансыздың жолайды қасына кім?

Елін, Жерін, Отанын Сүйетұғын,

Азамат бол әлемге аты мәлім.

-99-

Дана емеспін мен де бір ақылға ұста,

Баба сөзін әрдайым жадыңда ұста.

Қыран болсаң қиялап қияға тарт,

Жапалақтай айналып жақынға ұшпа!

тилек, тілек, токсан тогыз, тоқсан тоғыз, 99, асаба,тамада,сози,текст,сойлеу,тилектер,тосттар,айту
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:

Похожие

Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.