...

Қарақат Әбілдина – Аяулы анам ТЕКСТ

Күттің бе гүл қызыңды
Алыстан нұр жүзіңді
Танимын жаулығыңнан желбіреген
Құлыным сағындым деп
Жүрсің-ау жаның жүдеп
Айналдым жүрегіңнен елжіреген

Бойдағы барын берген
Ақ сүтін нәрін берген
Бақыттың бәрін берген
Аяулы анам

Үлгі ғой адалдығың
Қуансын анам бүгін
Қымбат қой амандығың
Аяулы анам

Шаттанып, қуансам да
Жабырқап, мұңайсам да
Жағдайын сен түсіндің жан күйімнің
Болса да өз отбасым
Отаным ошақ қасым
Мен сенің бесіктегі әлдиіңмін

Бойдағы барын берген
Ақ сүтін нәрін берген
Бақыттың бәрін берген
Аяулы анам
Үлгі ғой адалдығың
Қуансын анам бүгін
Қымбат қой амандығың
Аяулы анам

Бойдағы барын берген
Ақ сүтін нәрін берген
Бақыттың бәрін берген
Аяулы анам
Үлгі ғой адалдығың
Қуансын анам бүгін
Қымбат қой амандығың
Аяулы анам

Қымбат қой амандығың
Аяулы анам

каракат,абилдина,абильдина,бойдагы,ак,сутин,мама,ани,әні,казакша,қазақша,андер,әндер,,,,,мәтіні,матини,создери,сози,сөзі,сөздері,текст песни,ән,ан,слова,слова песни,слова песен,Qoshiq,so’zlari,Qo’shiq,matni,sozi,matnlari,tekst,лирикс,lyrics
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх