Бізге ғарыш алыс емес
Апарады шын сезім
Бақыт бізге елес емес
Сезімді шын сезін
Махаббаттың ғаламында
Күтіп тұрған ғаламат бір бақыт
Ұшып бару амалына
Келіп қалды жаным бұл уақыт
Барасың ба қол ұстасып алысқа
Алып барам сені жаным ғарышқа
Қолыңды бер сөз беремін жүрекпен
Сезіміңді маған сеніп табыста
Барасың ба қол ұстасып алысқа
Алып барам сені жаным ғарышқа
Қолыңды бер сөз беремін жүрекпен
Сезіміңді маған сеніп табыста
Аспан асты бақыт келіп
Маған қанат жайыпты
Сезімді күн болғанына
Ауа райы айыпты
Ғаламшарды көргенменен
Ғажайыбын көрмедім
Сен келгелі көлденеңнен
Жүрегіммен өзгердім
Жанымнан менің жырақтама
Сезімімді енді алдама
Жанымнан менің жырақтама
Барасың ба қол ұстасып алысқа
Алып барам сені жаным ғарышқа
Қолыңды бер сөз беремін жүрекпен
Сезіміңді маған сеніп табыста
Барасың ба қол ұстасып алысқа
Алып барам сені жаным ғарышқа
Қолыңды бер сөз беремін жүрекпен
Сезіміңді маған сеніп табыста