Мен сенің қолаң шашың тарайтын,
Мен сенің қолайнаңмын қарайтын,
Мен сенің бөлмеңдегі күнтізбең,
Күнде санайтын.
Мен сенің жырларыңмын жаттаған,
Мен сенің сырларыңмын сақтаған,
Мен сенің сағынышты сәттерің,
Тағат таппаған.
Мен – сенің үйің,
Мен – көңіл күйің,
Мені ұмыту саған,
Әй, қиын, қиын.
Мен сенің әтіріңмін аңқыған,
Мен сенің қиялыңмын қалқыған,
Мен сенің ерніңдегі деміңмін,
Демде шарпыған.