Мен сүйсем, сүйемін,
Түндерді жарық қып,
Тілдерді ғаріп қып,
Сезімге қарық қып,
Ақшамда көкжиек
Қызылын қанық қып.
Мен сүйсем, сүйемін,
Көктемге гүл беріп,
Тотыдай түрленіп,
Уақыттай сүрленіп,
Тірліктің ең соңғы,
Деміне үлгеріп.
Тірліктің ең соңғы,
Деміне үлгеріп.
Қайырма:
Мен сүйсем, сүйемін.
Дәуірді қалғытып,
Даланы шаңғытып,
Шашыма жан бітіп,
Өртімді өшірер,
Шілдеден қар күтіп…
Мен сүйсем сүйемін
Ғасырдың үнімен,
Арымның құнымен,
Махаббат дінімен,
Мен сүйсем, осылай,
Сүйемін,
Шынымен!
Мен сүйсем сүйемін.
Түнекке тамсанып,
Жүрекпен жар салып,
Балықтар əн салып.
Ажалым келсе де
Күлімдеп қарсы алып.
Мен сүйсем сүйемін
Алаулап жалынсыз
Ағылып ағынсыз
Жайқалып тамырсыз
Сағаттың тіліндей
Сағынып сабырсыз!
Сағаттың тіліндей
Сағынып сабырсыз!