Тым әдемі
Жаны сондай, көркем сұлу әлемі
Баурап мені
Жанымды қылықтарың жаулап еді,
Менсінбейтіндей мені қарамайтындай керім
Соншалықты пай-пай-пай сылқым-ай
Көз тоймайтындай ай-ай шіркін-ай
Қылығыңа сай айдай күлкің-ай
Әп-әдемі тәп-тәтті құлпынай
Қандай тәтті, сондай қатты мінезі
Тым ерекше гүл өзі
Қол жетпейтін шоқ жұлдыздай
Ерімейтіндей мұп-мұздай
Тәп-тәтт(і)-ақ, балмұздақ
Әп-пақ
Ашылмас жұмбақ, қап-қап
Бағаласам бақ
Сен болма өзінше, елдің көзінше
Сенің жүрегің біл-біл жүрегіме тең
Жанымды өртеме, бірақ еркеле
Айдан биік ең, ең, ең мен үшін сен, сен: