music: Ilhan Ihsan
Lyrics: Rakhymtay , Sanzhar
Мен сені есіме алдым
Аспаннан бұлттар көшкенде
Мен сені есіме алдым
жайлы бір самал ескенде
Мен сені есіме алам
Жұлдыздар жанып өшкенде
Мен сені есіме алам
Әр таңда, әрбір кештерде..
Сені мүлде сағынбауға болама екен ?
Жүрегімде тек сен үшін соғады екен
Сен болмасаң мен түгілі барлық әлем
Сұлулықтан айырылып қалады екен
Сені күнде сағынбауға болама екен ?
Сағыныштың дерті жаным жаман екен..
Сенсіз өткен әр минутты есіме ала
Қашан бағым басыма қонады екен ?
Қаламай , қаламай
Жүректі жаралай , жаралай
Ойламай , сағынбай
Жүрсің жаралай .
Өмірімнің мәні
Жан дүние сәні
Жүрегімді емдеп алар
Өзің ғана жаным.
Сағынудың бәрі
Махаббаттың заңы бұл
Әні бұл..