Әні,сөзі: Ильхан Ихсан
Біз екеуміз кездесіп көп жүрсек
Аралап Алматының кешін
Шын бақыт сенің барың мен үшін
Ұсынам жүрегімнің төрін
Көрмедім мен мұндай сұлуды
Қиялдаймын бірге болуды
Өзіңсіз әр күн мен үшін
Қараңғы менің күндізім
Маған қарап күлгенің ұнайды ұнайды
Түнде ұйықтарда ашылып сөйлескен ұнайды
Жүзің неткен жылы сенің әдемі, шырайлы
Енді дәл сендей жанды ешбір ана тумайды
Махаббат ол,
Сагыну бұл!
Екеуміз қалаған таңдаған жол
Өзіңмен бір болу калауым сол
Махаббат ол
Екеуміз ол!
Жететін соңына екеуміз ол
Дайындасын тағдыр қанша жол