Көрдім де сүйіп қалып
Ұнадың жаным солай
Жүрекке махаббатқа
Әмір ме бар ма оңай?
Өзіңді ойлағанда
Сүйдім ғой сені солай
Махаббат алдамайды
Жаным-ау сүйдім солай?
Аспан қараңғы, ай жарық түн
Жұлдыздардың сәуле шашып тұрғанын-ай
Махаббаттан мұң кешкендей бақыт өзі
Неге неге неге неге жылы сөзі
Жүрегім сені сүйді
Басқаны қабылдамай
Мұңайамын сен жоқ жерде
Жанарым жалындамай
Көңілім алып ұшып
Өзіңді сағынғаны-ай
Көрмесем сеземісің
Іздеймін жаным солай
Аспан қараңғы, ай жарық түн
Жұлдыздардың сәуле шашып тұрғанын-ай
Махаббаттан мұң кешкендей бақыт өзі
Неге неге неге неге жылы сөзі