...

Әділет Жауғашар – Нартәуекел ТЕКСТ

Шын жүректен толғадым
Үміт отын жалғадым
Осы әнімді арнадым,арнадым,арнадым
Жеті қайта талдадым
Жігін таба алмадым
Бірін ғана таңдадым,таңдадым,таңдадым

Күллі әлемді шарладым
Сонау көкке самғадым
Жерге салмақ салмадым,салмадым,салмадым
Суға сәлем жолдадым
Ешбір жауап болмады
Батып кетті арманым,арманым,арманым

Енді қайтемін деп ойладым
Ойға түпсіз терең бойладым
Белді тәуекелге байладым
Ердің бес қаруын сайладым
Ой-хой өмір отпен ойнадым
Қой, қой, қой десе де, қоймадым
Пай-пай және шоқтай маздадым
Ай-хай жанып кете жаздадым

Бар екенде жоқ екен
Нар екен де шөк екен
Дедім мен де тәуекел,тәуекел,тәуекел
Іздегенім бар екен
Бір көруге зар екен
Бәрінен де зор екен,зор екен,зор екен

Періштедей пәк екен
Кір шалмаған ақ екен
Аққа тәңір жақ екен,жақ екен,жақ екен
Қабыл болсын дер екен
Мәлім болсын дер екен
Жалын болсын дәнекер,дәнекер,дәнекер

нартауекел,адилет,жаугашар,заттыбек,копбосынулы,,
3.8 4 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх