...

25 ЖАС

Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майыспайтын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніңе сүрінбей жет, бақытты бол!

Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.

…. туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.

Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.

Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны,
Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы.
Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап,
Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы.
Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман,
Өзіңді іздеу өркенді бұлақтардан.
Аңсатар кейде балалық кезең, бал сәтің,
Қолдарын бұлғап, қиырда қимай қап қойған.

Жиырма бес деген – жігітіңнің арқауы,
Алдағы күнді, асу мен шыңды аңсауы.
Сағынышың ол, қызға құштар, жырға әуес,
Буырқаныспен арайлап атар әр таңы.

Жиырма бес – қыран шығатын самғап шыңдарға,
Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға.
Тербете білгін жердегі бақыт желкенін,
Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.

25 жаска тилектер,куттыктаулар,туган кунге
4.5 2 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх