Шықпаған соң үйден ата-апамның дауысы
Кімге керек мына босап қалған бау іші
Сол себепті менің ауылға барғым келмейді
Таң азанмен будақтаған ошақ түтіні
Естілмейді апамның оятатын жылы үні
Сол себепті менің ауылға барғым келмейді
Кейде апа жарық жүзің түске келіп енет
Балалықтың иісі мұрынға келгендей кенет
Оятпашы мені бесігіңде және тербет
Қалып кетті менің сол күндерде балалығым
Ойда жоқта желмен есіп келген қаралы күн
Шал мен кемпір кеткен соң ауылға барады кім
Өксік қысты өкпемді жаным апа жаралымын
Қартайғанда айтшы күндеріңді санады кім
Шалмен кемпір кеткен соң ауылға барады кім
Төрде тұрған атамның домбырасы барда өзі жоқ
Ошақпен күбі жайында бірақ апамның жүзі жоқ
Құлақта қалған жылы сөз,ескі суреттер төрдегі
Шығып қалардай секілдісіз,есігін ашып бір бөлменің
Ауылда азайды қариялар,сағыныш кеп еніп ап бір үйге
Күйбелең тіршілік бәрін жұтты,мезгілден кеш еніп сағым күйге
Барында бағала ата-анаңды,қарттардың алғын батасын
Күндердің бір күні шағың келер,бос үйге барып егіліп қайтатын