Мен үйге кеш барамын
Үйге келсем, ешкім сұрақ коймайды
Ешкім сөйлемейді
Неге сөйлемейді маған?
Қараған көздер
Кінә тағады.
Кінәлап қарайды .
Жабамын – ашамын
Табамын – шашамын
Қашан қашамын?
Қайда менің тамашам ?
(Атам барда бәрі нех**вый еді)
Көк жиектен көрініп
Көзіңе түскен күннің жарығын көріп
Көзің неге күлмеді?
Неге қуанбады?
Көктемде көктеп бүр жарып өскісі келген гүліңді неге суармадың ?
Сылдырлап тұрады, ыдыс – аяқтар
Ұмытып, сынақ екенін мына – Hayat-тың.
Әркім өз орынын білмей қалды,
Ұмытып оқыған Хадис – Аят тарын.
Есікті қатты жауып шығып кетсеңде
Жәймен ашып қайтып кіресің
Есікті қатты жаппа келесіде !
Біраз үнсіздіктен кейін, қасыңа барамын
Ия мен жаманмын
Сен – жақсы.
Бұл үйде сені бәрі жақсы көреді
Сен жақшы – отымды,
Сен басшы – мауқымды.
САХАРА да келе жатқандай шөлдедім
Шөлімді басшы, су беріп.
Шөлімді басшы
Неге берген суың ащщы?
Жасың араласкандай!