Әні: Елнұр Наурызбек
Сөзі: Нұртас Тұрғанбек
Сағынышын жолдауға күзбен бірге,
Жапырақ та сарғайды бізбен бірге
Жүрегіңнің түбіне жасырынғам,
Сен мені басқа жерден іздеп жүрме.
Тағдырыңның жетпесе таңғы нұры,
Әр күніңнің естілер зарлы мұңы.
Біреу сүйіп, біреудің ұнатпауы –
Ол өмірдің ең әділ заңдылығы!
Күз сағынтса амалсыз күрсін, көктем,
Жанарыңа жасыршы бір сырды өткен.
Мен сенің жүрегіңмін, қан тамырмен,
Денеңнің әрбір тұсын дүрсілдеткен.