...

Ақсұңқар – Мойыл көз ТЕКСТ

Сәуіржан Төлеш

1. Мойылгөз, момын көріктім,
Түсімде сені көріппін.
Толқыны долы теңізде
Желкенсіз желде желіктім,
Желкенсіз желде желіктім.

Қ-сы:
Ботадай көзің мөлдіреп,
Сағынып, жүрек елжіреп.
Өзіңді ғана, өзіңді
Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.
Отқа да қондым талғамай,
Қанатым күйіп қалғаны-ай.
Алыстап барады жастық шақ,
Айдан да биік арман-ай.

2. Бермейді тыным жүрегім,
Қалың бір ойдан жүдедім.
Көктемде шығып, күзде өлген
Махаббат қандай гүл едің,
Махаббат қандай гүл едің.

Қ-сы:
Ботадай көзің мөлдіреп,
Сағынып, жүрек елжіреп.
Өзіңді ғана, өзіңді
Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.
Отқа да қондым талғамай,
Қанатым күйіп қалғаны-ай.
Алыстап барады жастық шақ,
Айдан да биік арман-ай.

3. Кездер-ай қайтып келмейтін,
Арман-ай ие бермейтін.
Өткен шақ, сенің еншіңе
Арнадым өлең өлмейтін,
Арнадым өлең өлмейтін.

Қ-сы:
Ботадай көзің мөлдіреп,
Сағынып, жүрек елжіреп.
Өзіңді ғана, өзіңді
Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.
Отқа да қондым талғамай,
Қанатым күйіп қалғаны-ай.
Алыстап барады жастық шақ,
Айдан да биік арман-ай.

коз,аксункар,сауиржан,толеш,ани,әні,казакша,қазақша,андер,әндер,мәтіні,матини,создери,сози,сөзі,сөздері,песни,ән,ан,слова,песен
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх