Өміріме алып келіп зілдей мұң
Мені сонша ғашық еткен кімдеймін
Сау басыма тілеп алып сақина
Сені неге сүйдім екен білмеймін
Қ/с
Қинап жүрсің хаттарымды оқымай
Бір сөзімді мың айтамын тотыдай
Мені мүлде сүймейтініңді білем
Маған осы не жетпей жүр о Құдай 2x
Сезіміме намыстанам арланам
Сен кім едің жүрегімді қорлаған
Біле тұра маған жауап жазбасын
Сені неге сүйдім екен таңғалам
Қ/с
Жүрегіме не жасадым о тобай
Күні-түні қарай берем фотоңа
Біле тұра маған бұйырмасыңды
Сені неге сүйдім екен о тобай 2х
Қинап жүрсің хаттарымды оқымай
Бір сөзімді мың айтамын тотыдай
Мені мүлде сүймейтініңді білем
Маған осы не жетпей жүр о Құдай 2х
Өміріме алып келіп зілдей мұң
Мені сонша ғашық еткен кім деймін