ACE — Surai Ber ТЕКСТ

Саған «жоқ» дей алмайм(ын),
Сұрай бер менен бәрін.
Аққан жұлдызың болайын,
Арманыңды орындаймын!

Саған қатал болмайм(ын),
Еркелей бер тым қатты
Көзіңнен таптым өзімді.

Жиырма бес сағат пен сегіз күн,
Он үш ай ойлайм(ын).
Сенің жүрегіңмен егізбін,
Өзіме байлайм(ын).
Айтшы бүгін не жегің келед(і),
Түнгі екіде
Кіргізейін міндетіме.

Саған «жоқ» дей алмайм(ын),
Сұрай бер менен бәрін.
Аққан жұлдызың болайын.

Саған қатал болмайм(ын),
Еркелей бер тым қатты
Көзіңнен таптым өзімді.

Арманымды өзіңмен ғана,
бөліскім келед(і).
Орындалуы үшін жай ғана,
сенімің керек.
Өзгеріп кетті бар өмірім,
Төгіп бояуын.
Ғажайып түстер көремін,
Бірақ ояумын.

эйс,сурай,барин,айс
Прокрутить вверх