1 Verse
Таңнан түнге
Түнен таңға бірге
Жетейікші-ау бүгін
Берік болып іргең
Ән жазылды қалам алып бізге
Уақыт кеш келеді үмітіңді үзбе
Ең әдемі күзде
Chorus:
Жауын жауғанда себелеп
Қолыңнан ұстап жетелеп
Жаяу серуендеп қайтсам өзіңмен солда жетер ед(і)
Қасымда жүр еркелеп татуласайық ертерек
Сенімен жолықтырған
Құдайым қандай шебер ед(і)
2 Verse
Тәтті сезім
Ең бақытты кезім
Біздің арадағы,
Таусылмасын төзім.
Сұлуым күннен,
Ең әдемі үнмен
Келем үй жағыңа
Мен бір құшақ гүлмен
Айлы аспан түнмен

