1 verse:
Мінсіздігін мінезінің
Іздейтіндер тізімінен біл
Мен табылмаймын
Күйсіз кезін көңіліңнің
Тосын сыйы бұл өмірдің деп
Қуана қабылдаймын
Көпір(бридж):
Таңдауыма таңырқайтындай күллі әлем
Мен сені қалаймын
Chorus:
Қабағының үстінен қар төккізетін
Солай бәрін тез ғашық жан еткізетін
Ашуланғаның ұнайды жаным
Ұнайды жаным
Ашуланып тұрса да тез кешіретін
Солай менің анамды еске көп түсіретін
Аңқылдағаның ұнайды жаным
Ұнайды жаным
2 verse:
Нөсер құйып тез басылса
Түнек аспан лезде ашылса
Сені еске алып жымиямын
Жанарыңа жылу жиып
Берер болса уақыт қиып
Алуан гүлін дүниәнің
Саған арнап жиямын
Деген ұлы қиялым

