[verse 1]
Сенбеуші ем бір көргеннен ұнаттым деуге,
Сенбеймін жүрегімді жылаттым деуге,
Көктегі көңіліңді құлаттым кейде.
Ай ай ай жаным.
[hook]
Көрінген қызғалдаққа құмарттым кейде,
Жүрегің жүрегімді жұбаттым дейме?
Қойылар дәл осындай сұрақ кімдерге?
Ай ай жаным, ай ай жаным!
[chorus]
Неліктен өзгенің құшағын жылыттың,
Қай жерін ұнатып несіне құнықтың.
Мен кілтін таба алмай жүрмін сол құлыптың,
Ай ай жаным!
[verse 2]
Мен айға сәлем беріп, күліппін күнге,
Айкүнім сен екенін біліппін менде.
Дәл соны байқай алмай жүріппін мүлде,
Ай ай жаным, ай ай жаным!
[hook]
Мен жерде жүргенімді ұмыттым кейде,
Аспаннан жерге қарап тұрыппын кейде.
Жердегі ең сұлу сен соны ұқтым менде,
Ай ай жаным.

