Тұрғанда тағдыр демеп
Басқаны сыйла елеп
Жәй ғана жымиғаның
Жүрекке жылу берет
Өмір сүр қалма елден
Сұрама енді менен
Айтқым жоқ өмір жайлы
Шаршадым әңгімеден
Таң атса сенде қуан
Қуат ал шуағынан
Күн батса ләззат алып
Тыныштық, түн-уағынан
Өмір сүр қалма елден
Сұрама енді менен
Айтқым жоқ өмір жайлы
Шаршадым әңгімеден
Болсада кейде ауыр
Ғажап ғой мына дәуір
Кеңінен тынысташы
Бұл күндер жоқтан тәуір

