Жандос Қаржаубай — Ұмытуға бола ма? ТЕКСТ

От жүрегім өртеніп, маздайсың-ау түнде,
Сағынып жүр екен деп, жазбайсың-ау мүлде.
Сені ақылды деуші едім, ұқсатушы ем гүлге,
Араласып бұлттармен кеттің-ау бірге.

Өз жүрегін жұбатып, өзге жанды жылатып,
Ұмытуға бола ме екен, бола ма?
Ол жақта бəрі дейді ғой,
Қысы да жылы жаздайын.
Бəрін де түгел жазғайсың, жақсы ма қазір жағдайың?

Көзіңдегі қайтейін, арман тұнған көлді,
Сен аңсатқан күндердің тұтқынымын енді.
Сен келердей таусылып атқызамын таңды,
Сағынышым өзіңе өшпейді мəңгі.

каржаубай,умытуга
Прокрутить вверх