Асылжан Абдулла — Кете бер ТЕКСТ

[verse1]
Тағдыр дегенге сенесің бе?
Сен менсіздікке көнесің бе?
Екеуміз қоштасатын кезде,
Қимастық қалды неге ішімде?

Қимастық бар ғой ішімде әлі,
Шын сүйетінім үшін бәрі.
Тамшы жас сонда кімге арналды?..
Кірпіктеріңнің ұшындағы.

[chorus]
Сезімге сендім қалай ғана-ай,
Жеткізер деуші ем бақ алдамай!
Жаралы жанға қарамай,
Кете бер алаңдамай!

Ұмытам дей бер сен де мейлі,
Жалғызды бақыт тербемейді!
Біле жүр жаным, бәрі өтсе де,
Ешкімді уақыт емдемейді!

[final chorus]
Жоғалды сезім қалай ғана-ай,
Кете бер маған алаңдамай!
Түспейді енді жолдар-ай,
Сүйгенім саған қарай.

Прокрутить вверх