verse 1
Тірісің бе?
Хабар күтіп күйзелдім түн үшінде.
Махаббаттың шәрбәтін татамын деп,
Жақын қала жаздадым у ішуге.
Өлісің бе?
Бір мүмкіндік тумады-ау көрісуге.
Бес күн мына жалғанда саған менің,
Айтпай қалған сырларым көп ішімде.
chorus
Келістім-де!
Сені көріп жетейін жеңіс күнге.
Келер болсаң ажалдан ертерек кел,
Мен де мәңгі болмаймын жер үстінде.
verse 2
Бұл бес күнде,
Мәжнүндей ғып жарығым мұң кештірме.
Өзің жоқта білмеймін есімді де,
Елесіңмен әйтеуір тілдестірме.
Жел естің бе?
Керегі де болмап па кеңестің де?
Мені жаман десең де өзің білші,
Сені жаман дегенім, жоқ ешкімге.

