...

8 НАУРЫЗ СЦЕНАРИЙ

Сценарий тақырыбы: “Қыз еркем, қылығымен көркем!”
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған “Қыз еркем, қылығымен көркем!” атты мерекелік кешке жиналып отырсыздар. Мектепалды “Д” даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Әуенмен залға балалар кіреді, қолдарында гүлдер болады.
Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарын боп өнерменен қарулан.

Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін көрсетпек.
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Алдымен өнер көрсетер аруларымызға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтап ____________ әжеміздің ақ батасын алуға рұхсат беріңіздер.

Жүргізуші:
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?

Балалар: Ана,ана,ана.

Жүргізуші:
Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!

Жүргізуші.:Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

Тақпақтар [тағы да]
1. Мұратқан
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.

Айша.
Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп.
Күн ашылса болғаны,
Көлбеңдейді көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырып,
Көктем біздің балалық.

2. Жарас
Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс

Жания
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

3. Мейіржан
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
“Ботам” деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.

Еркелесем күлімдейті,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін

4. Аружан
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

5. Дулат
Ұлым ұлым дейсің де
Ұрысумен ұстайсың
Күнім, күнім дейсің де
Үйде отыр деп қыстайсың
Жаным, жаным дейсің де
шапалақтан аласың
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамамсың

6. Айнара
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

7. Хамза
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз

Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

8. Әмина
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар

Аппақ мамам, ақ мамам
“Ақ мамам” деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт болып
�Бөпешім� деп жатпаған

9. Дарын

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Адия
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

10. Мөлдір
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Айтсаң болды тіл алам
Әйбат анам әй анам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда.
Арайлым: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем

11. Дінмұхаммед

Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

Аружан
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем

Аяна Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Аяжана. Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді

12. Сардар
-Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім бар, беретін гүлім бар. Әжетай сені жақсы көрем. Әже сізді қатты сағындым. Жаз болсын, бар сыйлығымды алып барамын.
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар де әпереді.
Мектепке де әкеледі,
Жақсы қандай әжелерім.

13. Ернияз
Әжем менің әйбат
Оған ешкім жетпейді
Күні бойы бірге ойнап
Жанымнан бір кетпейді.

Бота: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым

Аделя:
Сырымды ұғатын ,
өзіңсін қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын

Аялы алақан,
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген

Гүлбаршын:
Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді

Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады

14. Альтаир
Мәпелейді, әлдейлейді бағады,
“Құлыным” деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады?

Жүргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік
“Құттықтаймын мама туған күніңмен!”

Кел, достар, бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.

Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер – білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
“Қыз еркем, қылығымен көркем” атты кешімізді бастайық.

Жүргізуші:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Әділқазылар
1.
2.
3.
4.

Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)
1. Акилбекова Каусар
2. Амангельдина Жания
3. Әшірқызы Арайлым
4. Базарбай Ақмарал
5. Бимурзинова Аделя
6. Дана Адия
7. Ерғалиқызы Айша
8. Кабурова Аружан
9. Мәлік Гүлбаршын
10. Мұрат Әмина
11. Нәрік Бота
12. Сагитова Айдана
13. Сейсенбаева Аяжана
14. Сейсенбаева Аяна
15. Сұлтанай Айнара
16. Тойшыбай Мөлдір

Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін – ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
Бірінші сайыс өзін – өзі таныстыру.

Жүргізуші:
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ер балаларымыздың
Биін тамашалайық.
Би: “Ган гам стайл”

Жүргізуші:
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.
Екінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Жүргізуші:
Бізді өсірген апатай
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең.
ән Сардар “Қазақтың қаны”
Жүргізуші:
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, -келесі сайысымыз “Көктем гүлі” атты сән үлгісі.
Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: “Вальс”
1. Света – Дамир. Ж.
2. Дария – Жантөре
3. Эльза – Рахман
4. Аружан – Мирас
5. Бибіфатима – Мансур
6. Аяулым – Жан
7. Айерке – Ақмырза
8. Жанерке – Дамир. Б
9. Сабина – Алимансур
10. Інжу – Алижан.

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі – деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен ортаға шақырамыз
“Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.

Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.

Сегізінші наурызға араналған ән (Әнші балапан әуенімен)
Ақылшымыз, данамыз
Аяулы біздің анамыз
Айналайын анашым
Біз бақытты балаңыз
Біз бақытты балаңыз

Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Ән саламыз бәріміз

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!
“Қариясы бар үйдің қазынасы бар” – деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

7 бала:
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!

1 бала: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейді барша балалар

Жұргізуші: Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

Ән: “Кұттықтаймын сені туған күніңмен!”

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! “Қариясы бар үйдің қазынасы бар” – деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

7 бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем

8 бала: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

9 бала. Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді

10 бала: Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін

11 бала: Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

12 бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем

Ән: “Әжем менің айдай”

Жүргізуші:Мектепте қалай оқыдық? ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады

13 бала: Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен

14 бала : Құлпырған гүлдей
Көктемгі күндей
Жылылық маған
Төгесің үзбей

15 бала:Сауле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз

Би : “Туған жер” Ұлдар

ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
2. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
3. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!

Ойын : “Кім жылдам” Ана мен бала тәңертең мектепке және жұмысқа жиналады
Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын

Би: �Түрік биі� Қыздар

16 бала : Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын

17 бала: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

18 бала : Ақылшымыз, данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жұріңіз

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз

Ән: “Әнші балапан”

19 бала: Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай

20 бала : Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып
Жаман болсам жасырып
Қамқор болған анашым

Би : “Қазақ биі” Қыздар

Ойын: Логикалық есептер: 1Ағашта 8 құс отыр, оған тағы 1 құс келіп қосылды, ағашта қанша құс отыр? (9)
2. 3,5,7,9- көршілерін атаңдар ?
3 Аспанда 4 қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу?
Жауабын кім табады?(8,4)

3. Балапанын көгалда
Санай алмай тауық жұр
7 жүр жүгіріп
3 жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10)

Жұргізуші : Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ қыздардың орындау ында бір жақсы өлең тыңдаңдар
Ән – Үйретеді бұл мектепте үйретеді.

21 бала: Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектепке барарда
Мейірлене қарайсың

22 бала: Мәпелейсің мені анам
Қасыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

23 бала: Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен де жақсы
Ол жанымда жүрсе,менде
Батырларша батылданам

Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.

Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8-ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би : “Вальс”
Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі

8,наурыз,март,айелдер,куни,әйелдер,күні,аналар,куттыктау,құттықтау, текст,сөзі,сөздері,создери,тилектер,куттыктаулар,құттықтаулар,арналган,арналған,мейрам,мейрамы,мерекеси,мерекесі,мереке,тилек,тілек,тілектер,наурызга,наурызға,кыздар,қыздар,кыздарга,қыздарға,мамалар,аналар,карындас,қарындас,сценарийлер,койылым,қойылымдар
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх