ҚЫЗ ҰЗАТУ

Бекзаттарым-ай,
Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай!
Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді — деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден — өтті, сіздерге — жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік — Сіздерде, құдалар!

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз — өріс. Қыз — кие. Қыз — ұлтының ұяты. Қыз — халқының шырайы. Қыз — өмірдің бастауы. Қыз — тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!- деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

кыз узату, қыз ұзату, проводыневесты, той, от шашу, мереке, мейрам, куттыктау, құттықтау, ,
Прокрутить вверх