_____ өңірінің қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, аяулы әкеміз. 80 жасқа толуымен құттықтаймыз!
Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,
Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!
Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!
Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!
Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,
Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!
Ұшырғанда демеген асқар тауым, жан әке!
Қысылғанда жебеген басты арқауым, жан әке!
Кемелдік пен тереңдік, даналықтың мезгілі
Сексен атты сеңгірден асқан шағың, жан әке!
Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке!
Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке!
Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым
Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын сексен жасың, әкетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығы байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әкетай, жасыңызға,
Немерелер қуаныш сыйлап талай
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
80 жас туған күнің құтты болсын,
Өміріңіз шаттық пен нұрға толсың.
Қызықты күндеріңіз арайланып,
Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын
Әкетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекеңіз ұзағынан бола берсің,
Үй-іші немере мен шөбереге тола берсін!
Әкетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың,
Өзіңе борышы көп балалардың.
Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.
Аталап жан-жағыңда жүре берсін,
Бал тәтті немерелер қызықтарың.