...

ОТЫЗҒА ТОЛДЫҢ

Артта қап балдырған шақ, балауса күн,

Отызың құшақ ашты – алау шағың.

Алатау аясында жүйрік мініп,

Жүйткіген күндеріңді көп аңсадың.

Туған күн,

Өткен дәурен түседі еске,

Бәрі де айналғандай түс – елеске.

Өрлесең өркен жайып қия, шыңға,

Ардақты әкеміздің күші емес пе!

Қаумалап айналаңды қызың, ұлың,

Балынан таттық тірлік қызығының.

Құлыны орда бұзар жасқа жетіп,

Анаңның жайнай түсті жүзі бүгін.

Өмірдің мәні алға ұмтылуда,

Талпындың мақсат — тауға бір шығуға.

Бақыттың кілтін бәлкім таппас па едін

Келіндеп кездеспесең бір сұлуға.

Өзіңді жүреміз біз арқаланып,

Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлык.

Жүзге жет,

Жүзін жарқын, денің сау боп,

Оны да аман- есен қарсы алалық!

асаба, тамада, туған күн, туган кун,мерей той,қарындас, карындас, ару, отыз жас, текст,сөзі,сөздері,создери
3 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх