...

Киікші

Киікші қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасы, көтенші бірлестігі, Жаманбай бұтағынан тарайды. Көтенші ұрпағы Жаманбайдың баласы Құрбаннан Киікші, Жары, Сасық, Тіней, Жартыбас, Көтен аталары тарайды. Олар өздерін Құрбан балаларымыз деп, бір-бірімен қыз алыспайды. Ел аузындағы әңгімелерде Құрбанның әулие кісі, ұрлық пен зорлыққа қарсы, адал жан болғаны, аң аулап, құс ұстап күн көргендігі айтылады. Киікші туғанда қақпанына киік түскен екен, бұл балам аңшы, киікші болады деп атын Киікші қойыпты делінеді. Киікші Бекбаулы (Қожамберген, Бөлтек, Шуақ), Шегір (Қошқарбай, Жәдіке, Байсары, Башын) аталарына бөлінеді. Киікші руы өзбектердің маңғыт тайпасының, қарақалпақтың қоңырат арысының құрамында да кездеседі. 19 ғасырда өмір сүрген тарихшы Сайдаққожа Жүсіпұлының жазуынша, көне қарлұқтардан тарайтын Қотан тайпасы Киікше, Биікше, Тіней, Жарық, Сасан руларына бөлінген. Бұл дерек қазақ шежіресінде Құрбан балалары делінетін аталар қауымының тарихы әріден бастау алатындығын көрсетеді. Ұраны Алатау, Мүлкаман, таңбасы босаға. Киікшіден (шөбересі)атақты Бөлтекұлы Желкілдек батыр шыққан. Желкілдек батыр Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген.Ахмет Яссау кесенесінде жерленге хан,сұлтан, батырлар тізімінде Желкілдек батырдың аты көк тасқа қашап жазылған. Қызылорда қаласында Желкілдек батыр атында көше бар.

киикши, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
3 2 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх