...

Еркін Нұржанов – Лебізім КАРАОКЕ


1) Сенсіз өмірді мүлде ойлай да алмаймын,
Жүрегімнің әні сен едің.
Сенсіз жаным жабырқап қалған жандаймын,
Тыным бермей қойды неге мұң?
Жапырақтар түсіп жатыр жауып жер бетін,
Үмітімдей кейде үзілген.
Көз алдымда кетпей қойды сенің келбетің,
Бақытымды көрдім жүзіңнен.

Қайырмасы:
Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,
Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.
Ай да, күн де өтті көңілсіз,
Сені аңсап асау тағдырым.

2) Айлар асып, жылдар өтті қағып қанатын,
Алыстады неге арамыз?
Тылсым күш жоқ мені саған алып баратын,
Енді біздер арман ғанамыз.
Аққу қаздар көл бетінде қалқып барады,
Сағыныштың салып өрнегін.
Жұмбақ сезім мен өзіңе тартып барады,
Лебізіңе жаным, шөлдедім.

Қайырмасы:
Сенсің күнім, сенсің таң нұрым,
Сенсің бағым, сенсің бар мұңым.
Ай да, күн де өтті көңілсіз,
Сені аңсап асау тағдырым.

еркин нуржанов, лебизим
3.3 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх