...

Нұрғали Нүсіпжанов – Өз елім ТЕКСТ

Нұрғали Нүсіпжанов – Өз елім
Әні: Н.Тілендиев
Сөзі: Қ.Мырза Әли

Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің – Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:
Түлегі сендер, Тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер, Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің!

Ақ күмбез астығы,
Асқар боп өрлеген.
Жалынды жастығы,
Жүлдені бермеген.
Өз елім менің – Өзегім менің.
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:
Бұзылмас қамалы,
Батыры уақыттың.
Тербеген самалы,
Бесігін бақыттың.
Өз елім менің – Өзегім менің.
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, ,, нургали нусипжанов, оз елим
4.1 117 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх