Жігіттер – Жас қалам
Әні мен сөзі: Қорабай Есенов
1. Кездессем ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек.
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек.
2. Сені артық көремін басқадан
Сүйем деп айтуға жасқанам.
Жеткізе алар ма жүректің
Жан сырын жасырын жас қалам.
3. Есімде алғашқы сауық кеш
Ләззаттің тағдырын өзің шеш.
Ләйліден айырылған Мәжнүндей
Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес.
4. Әлде бір бар шығар сүйгенің
Тәкаппар менсінбей жүргенің.
Оны зор мені құр санасаң
Мейірімсіз соққаны жүректің.