Мақсат Базарбаев – Әсел
Әні мен сөзі: І.Жақанов
1. Самалы жұпар жазғы бір кеште
Ойласам болды Ыстықкөл жақты,
Айтылған сырлар түседі еске
Оятқан сонда ақ махаббатты.
Қ-сы:
Тулайды жүрек
Толқындай шалқып,
Аңсайды жүрек
Өзіңе тартып.
Сағынтқан әнім,
Әселім, жаным.
2. Тағдырмен қатал ойнатқан сонда,
Қайдасың менің армансыз күнім?
Бақ құсы едің, қонбадың қолға
Қапыда қалдым зар толып үнім.
3. Алыссың, жатсың білемін, сәулем,
Тағдырға нала не керек айтып?
Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен
Әселім, сірә, келер ме қайтып?