Каспий – Жарығым-ай ТЕКСТ

Каспий – Жарығым-ай
Әні: Б.Есмұханов
Сөзі: М.Мақатаев

1. Жалт етеді бір үміт тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп,
Қаным сыймай барады арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Қ-сы:
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!

2. Қосылғандай екі өзен тасығанда
Таңғалмаймын жағаға асылам да,
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?

3. Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады толқындатып,
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, ,, жарыгым ай
4.5 71 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх