Б. Тілеуханов – Елім менің
Өлеңі: Н. Ә.Назарбаев
Әні: Б. Тілеуханов.
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер жаса, қазағым менің.
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім
Бостандық еді ау, асыл арманым.
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.
Бабамның қаны , анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке, бірлік – қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсін жауың , сүйінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.