Мәдина Садуақасова – Гүлдәурен
Әні мен сөзі: М.Шаханов
1. Асау өмір арнасында
Шалқып сәби сезімменен,
Он жыл мектеп партасында
Бірге отырдым өзіңменен.
Қ-сы:
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды,
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды.
2. Елес беріп келешегің
Қимасыңа баладың ба?
Қоштасарда неге сенің
Жас толқыды жанарыңа?
3. Іңкәр еткен атар таңға
Қош бол енді бала көктем
Бізді алыс сапарларға
Шақырады самолеттер