Гүлнұр Оразымбетова – Әлі есімде
Әні: Ә.Еспаев
Сөзі: Н.Әлімқұлов
1. Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны,
Сырласумен жазғы таңның атқаны,
Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры,
Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.
Қ-сы:
Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез
Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз!
2. Әлі есімде, бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады,
Қара шашың мойыныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.
3. Содан бері өтті, сәулем, талай күн,
Әлсін-әлсін суретіңе қараймын.
Тағдыр бізді алыстатты, қоспады,
Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың.