Қарақат пен Қыдырәлі – Аяулым
Әні: Е.Белғозиев
Сөзі: Т.Молдағалиев
1. Алыс қалған күндер,
Жүрмедіңдер бірге сағындырып.
Жетемін деп арман,
Мен өзіңнен қалман, сағым қуып.
Қ-сы:
Жеткізбейді кезең,
Өткізбейді өзен,
Бір бақытты сезем, сезем.
Бар өмірім алда,
Сен қасымнан қалма,
Оятады таңдаря аяулым.
2. Зуылдайды кеме,
Теңіздерде терең, дауылдарда.
Ере берші маған,
Жауратпаймын сені жаным барда.