Бауыржан Исаев – Көзімнің қарасы
Сөзі:Абай
Әні:Абай
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
«Бар» демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.