Ақсиса
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса
Шорманның Мұстафасы атымды алып
Атандым сол себептен Жаяу Мұса
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса
Байлары орыс-қазақ қашқын дейді
Көрер ем қашқындықты күнім туса
Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын
Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса
А чта