Е. Хасанғалиев — Анаға сәлем
Сөзін жазған О. Иманәлиев
Әнін жазған Е. Хасанғалиев
Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзіңді.
Сәбилік сезіммен,
Арнаймын сөзімді.
Chorus
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабыл ал, балаңның,
Сәлемін жолдаған.
Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың.
Chorus
Аялап алақан,
Мәпелеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
Chorus
Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.

