...

Қара жорға ТЕКСТ

Қара жорға
Әнің Жазған: Халық,
Сөзің жазған: М.Тұрдақын, С.Қалиев

«Қара жорға» болмаса,
Бидің сәні келе ме?
Бүрмелі көйлек кимесе,
Қыздың сәні келе ме?
Қозсын барлық делебе,
Қан тарасын денеге.
Қара жорға болмаса,
Тойдың сәні келе ме?
«Қара жорға» – «Сап күрең»
Тарихын біл алдымен.
Бабалардан жалғасқан,
Тағылымы бар білем.
Жорғалаған күй майда,
Бұған жетер би қайда?
Ойнаңыздар жамағат,
Билеңіздер мұндайда.
Биле, биле жігіттер,
Жанып тұрған үміттер.
Шыққанынша тоқтама,
Маңдайыңнан тұнық тер.
Биле қыздар бұралып,
Сауық-сайран құралық.
Сұлулардың көркіне,
Тамсанып бір тұралық.
Ал, жігіттер, қыраным,
Алашқа айтар ұраным.
Сендерсіңдер қорғаны,
Мынау байтақ мұраның.
Көк байрағым желбіреп,
Қуантыңдар елді тек.
Шашу шашсын әжелер,
Жүректерді елжіреп.
Ғашық жандар тіл қатып,
Жүректерін жырлатып.
Қыз бен жігіт қосылып,
Билеу деген бір бақыт
Биле, биле, сұлуым,
Қандай ғажап күлуің.
Сыртылдасын саусағың,
Былқылдасын буының.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, ,, кара жорга
4.1 17 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх