...

Гаухар Қаспақова – Мен сені ойлайтынмын ТЕКСТ

Гаухар Каспакова – Мен сени ойлайтынмын

Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын,
Жастықтың базары деп.
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.

Тұрса да асқар алда,
Қайтпайтын қайсар деп ем.
Жан сырын басқаларға,
Айтпайтын байсалды деп ем.
Қос шектің естілмеген,
Үніндей қиялдадым.
Көңіліңді ешкімге мен,
Күлімдей қия алмадым.
Демедім көптің бірі,
Еш кінә таға алмаспын
Деп едім, өткірлігі
Жүзіндей ақ алмастың.

Іздедім таң нұрынан,
Бірі деп арайлардың.
Биіктің барлығынан,
Көрем деп қарайладым.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.

Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын…

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, ,, гаухар каспакова, мен сени ойлайтынмын
4.3 14 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх