Ернар Айдар – Сағындым
1. Кейде қатты, кейде жай,
Мен туралы ойламай, қанат қақтың.
Биік – биік,
Сезім оттай арман-ақ.
Бір келер депжол қарап,
Ғашық жүрек, қалды сүйіп.
Қ/сы
Бұлбұлдар сайрайды,
Сағыныш қайнайды.
Бағыма келіп жайнашы, жайна гүлім,
Мен күзгі бақтаймын.
Іздесем таппаймын,
Жаным-ау келші қайдасың, қайда күнім?! 2-рет
2. Сені көрсем көктемде,
Ой санама шақ келмей,
Күнде түсіп жарылысқа.
Қандай асау сезім бұл?
Өртесеңде өзің біл,
Оттай ыстық сағынышқа.
Қ/сы
Бұлбұлдар сайрайды,
Сағыныш қайнайды.
Бағыма келіп жайнашы, жайна гүлім,
Мен күзгі бақтаймын.
Іздесем таппаймын,
Жаным-ау келші қайдасың, қайда күнім?! 4-рет