REM
Тағы бір қадам, сүрініп, қалдың артта
Қайта тұрып, күлімсіреп, қайта талпынды.
KHAY
Ойың таза, жүрегің пəк, көпті көруге
Білсең егер бірақ, барлық шындығын.
ARON
Қайтадан мен, жаңа дем
табамын ол маған ем
күнің түссе қиын, есті жиып
Сынбай оны жең
Жараласа басты ой
ол қоқыстың бәрін жой
Көңілсіз ойыңды тиып тез
Толқынды сабырмен қиып кес.
KHAY
Өмір ойнап əрдайым сынап
Арманыңды бұзып жоспарыңды сызып
Бəрі өтті айтар сөз бітті
Шындыққа көз жетті.
MOORA
Тар кеудең, қысылды, естілді, қиналған жан айқайы(x2)
TIM
Уақыт жылдам зымырайды, ешкімді күтпей
Есейдік біз, елемедік, қиын жолдарды.
REM
Біз таңдаған, ауыр жолдың соңы не болар
Сонда да ойланбай,жүре береміз.
ARON
Біздің өмірде
Жеңіс төзіммен келуде
Білем Бәрібір жеңілме
Меніменен бүгін әлемді өзгерт
Жана берсін от әрқашан көзде
Қарамай олар күлсе де,
Мен жолымда тоқтамай күресем
биікке қарай толқынмен бірге
менімен қәне Қолдарды көтер
KHAY
Өмір ойнап əрдайым сынап
Арманыңды бұзып жоспарыңды сызып
Бəрі өтті айтар сөз бітті
Шындыққа көз жетті.
MOORA
Тар кеудең, қысылды, естілді, қиналған жан айқайы.(x2)