1-ші шумақ:
Мұңайма жаным, мерейлі,
Шаттық та, мұң да кемиді.
Солтүстіктегі мұхиттың,
Мұзыда бір күні ериді.
Жүректің сенсің сыңары,
Қолыңда сенім шырағы,
Көңілдің мұзы еруге,
Керек-ау жанның шуағы.
Қайырмасы:
Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!
2-ші шумақ:
Бақыттың дәмі балдай ма?
Табайын іздеп жол қайда?
Өлшеніп берген өмірде,
Өкпелетпесең болмай ма?
Жылайсың, кейде күлесің,
Тоқтатпа тағдыр күресін!
Ащының дәмін татпасаң,
Тәттіні қайдан білесің?
Қайырмасы:
Көзіңді тұман торлайды,
Көңілге күмән орнайды,
Сезімің мөлдір болса да,
Махаббат мұңсыз болмайды!
Шын сүйсең жаның тоңбайды,
Сағынсаң сағым арбайды,
Қызғансаң жүрек өртенер,
Махаббат мұңсыз болмайды!