...

Рухани кемелдену сабағы

– Жұбайлық өмір несімен қадірлі?
Үйленген соң, бар қызықтан алда болардай көрінер бұл кезеңнің де өзіндік қызығы мен қиындығы, бақыты мен мұңы жетерлік. Әйтсе де жұбайлық өмір – нағыз өмір. Себебі, бұл – адамдық парыздарыңды өтеуге берілген мүмкіндік. Жар сүю және онымен бірлесіп өмір сүрудің жолын меңгеру, өмірге бала әкелу, оларды өсіріп-тәрбиелеу, туған-туыс пен ағайын-бауырларды аясын кеңейту, олармен қарым-қатынас түрлерін қалаптастыру, т.с.с толып жатқан «тауқыметтерден» тұратын отбасылық өмір – адам баласының өмірге келгендегі атқаратын саналы қызметі. Қызметті әркім әртүрлі атқарады. Әрине, қызмет атқару жолында сәттіліктер мен сәтсіздіктер, қателіктер мен көргенділіктер таразы басын ойнатып жіберетін кездері болады. Соған қарап, жақсы мен жаманға пайым жасаймыз.
Жұбайлық өмір – ер мен әйелдің бірлесіп өмірлік парыздарын атқару жолындағы тірлігі. Бұл жолда қадір тұтар нәрсе – екі жыныс өкілінің бір-біріне деген сезімі, сенімі, сыйластығы сондай-ақ, жанашырлығы. Бұл қасиеттердің бәрін ақыл басқарса керек. Себебі: бақытты да, басқасын да бағалау – ақылдың меншігінде.
Иә, біріңғай сәттілік пен тәттіліктен тұрса, жұбайлық өмірдің де қадірі болмас еді. Өмір бейнеті зейнетінің кездесуімен де мағыналы. Жас педагог жұбайлық өмірдің әлеуметтік маңызына мән бере пікір білдіреді.
– Үлкен махаббатты отбасының қарабайыр тірлігі жоқ ете ме?
Біріншіден, махаббаттың үлкен-кішісі болмаса керек. Махаббат – адамзатқа тән зор сезім. Біз көбінесе махаббатты қызығушылық, нәпсіқұмарлық, көрсеқызарлық сезімдермен щатастырып аламыз. Екіншіден, махаббат – адамзатқа тән сезім болғандықтан, оған тұрмыстық жағдай жат болып көрінуі мүмкін емес. Керісінше, отбасылық тіршілік махаббатты шындықтарды, жетілдіреді, дамытады.
Махаббат сезімін аялау керек дейміз. Бұл сезімді емес, сезімнің иесін сыйлау, қамқорлық жасап, жанашырлық таныту керек деген сөз. Сонда махаббаттың да ғұмыры ұзақ болмақ.
«Махаббатты үйлену деп те ойлайды, құдіреттің құнын білмес сорылар» деген ақын сөзін махаббат – асқақ сезім, оны тұрмыстың тұтқыны етуге болмайды деп түсінетіндер махаббатты жүректен, қосағынан, немесе үйден емес, сырттан: көңілдестің төсегінен, ғашық боп қосыла алмаған жас арудың суретін іздейді. Бұл отбасына түскен іріткі. Осындай сезімдерге ерік берсең, ол бір пері, сыртқа қашады.
Жұбайыңды – махаббатым, отбасыңды – қамқорлық ұясы, балаларыңды – бақыттым деп ұғуға әркім өзін сендіргені дұрыс-ау. Сезімді ақылға билеткенге не жетсін?
Махаббатты тұрмыстық тәжірибеден, сезімді ақылдың сүзгісінен өткізіп сынап, сапасын анықтап тұру үшін көңілдің көзі өткір, безбені берік болғаны дұрыс шығар.
– Үйленгендердің рухы үндесе бере ме?
Отбасында берілген тәрбиенің нәтижесі осы кезде көрініс береді. Тәрбиенің сөзбен тәрбиелеу, іспен (үлгі көрсетіп) тәрбиелеу деген екі түрлі де өзі отбасын құрғанда іске қосуы мүмкін. Тәрбиенің сәттілігі ерлі-зайыпты болып, бірлескенде байқалады. Ер адамға өз әкесі үлгі бола алады. Екінші фактор: мектепте арнайы бағдарламалармен отбасылық өмірге даярлықтан өту. Ал, үшінші ең, күшті фактор – БАҚ әсері. Жаhанданудың жетістіктері де қарапайым қазақ отбасына ықпал етпей жатқан жоқ.
Дағдылы отбасына «махаббат» деген сөз өлеңде айтылмаса, өмірде қолданыста жоқ. Оның есесіне махаббатты сыйластықтың аясына сыйғызып қойған. Адамның бақыттылығы жұмыстан үйге асығу, үйден жұмысқа асығу. Отбасының өзіне артқан жауапкершілігін сезіну, оларды көруге асығу, қуантуға тырысу, бағып-асырау т.б., бұл – үндестік тудырған әрекеттер. Рухани үндесу, бұл – бақыт. Ал, екі адамның ортақ бақыты түсіністіктен көрінеді. Басқаны түсіну үшін адам өзін түсіне білу қажет. Өзін түсіну – өзін жақсы көру. Бірақ, өзін жақсы көру – өзін басқадан артық қоюға әкелмеу керек. Өзімді артық қойдым дегенше, үндестікті жоғалттым деңіз.
– Жетінші түйсік кімдерге тән?
Халқымызды «түйсігі бар», немесе «түйсіксіз» деген ұғымдар қалыптасқан. Осы ойды жүйелеуге не нәрсе әсер етті деген сұрақтың тууы орынды.
Дана Абай, хакім Абай айтқандай:
«…Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деген философиялық тұжырымының негізіне көз жүгіртсек, шынынды да ғылымда дәлелденбеген, түсініксіз, нақты, дәлме-дәл жауабын беруге тиянақты ойды бере алмайтын жайттар баршылық. Бұл сауалға жауапты біз терең руханилықтан, жан дүниесінің тылсым сезімінен, адамның өзі байқай бермейтін, кейде сезіне де алмайтын құпия жан қуаттарының ілкі бастауларынан іздегеніміз жөн болар.
Ақын Қадір Мырзаәлінің «Адам болып туғанмен, адам болып қалу көп қиын»- деп келетін өлең жолындағы АДАМ деңгейінде өмір сүру, дүниені танып білу, оған баға беру, сын көзбен қарау, болмыстағы кездесетін ұлылы-кішілі оқиғаларға терең психологиялық тұрғыдан зер салу, оны жүрегімен, жанымен, бүкіл болмыс- бітімімен сезіну – түйсіну дегеніміз, міне – сол!
Руханилық, рухани байлық – көзі қарақты, көкірегі ояу, жүрегі бар, айналасындағы жандарға шынайы сезіммен қарайтын олардың жан дүниесін баурай білетін психологиялық жағынан үйлесімді дамыған біртұтас жеке тұлғаның қасиеті. Адамдардың отбасында бірінің бақытты, бірінің жұтап жүруі жанұядағы таза рухани жақындықтың үндеспеуінен, жұптаспауынан, оған талпынбаудан туары даусыз.
М.Шахановтың өзінің философиялық, психологиялық жалындаған жырларында адамның рухани байлығының жұтаңдауы, әлсіреуі психологиядағы басты мәселенің бірі – қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастағы өзара түсініспеушіліктен, шынайы-таза көңілдің болмауынан, ішкі түйсік көздерінің көмескіленуінен және оның ашылмауынан өрбитінін тілге тиек етеді. Ақынның
«…Қорықпаймын түсінігі жоқтардан,
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын», – деген өлең жолдары жоғарыда қойылған сауалға берілетін дәл осы жауап десе де болады.
Жетінші түйсікке дәл ғылыми анықтама таба алмадық. Әйтсе де рух үндестігі, рухани жан-дүниенің үйлесімді дамуы жақындайтын тәрізді. Интуиция, ғажап сәйкестік, тәңірдің тарапынан болғандай әділетті шешімді ешкім кездейсоқтық деп айта алмасы анық. Рух тазалыған сақтап, жүрегінің көзі ашылғанда ғана жетінші түйсік іске қосылатын болар бәлкім?
Кім білсін, қарапайым адами қмір сүру үшін тіпті жетінші түйсіктің қажеттілігі де шамалы шығар…
– Махаббат тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?
Санасында саңылауы бар адамға жан-жағының бәрі үлгі. Отбасында, мектепке тек жақсылыққа тәрбиелеп, адамгершілікке баулып, тәлім-тәрбие беріліп жатады. Ажами жақсы қасиеттердің барлығы махаббат деген үлкен сезімді толықтыруы тиіс. Бұл жерде «махаббат – екі жыныстың бір-біріне деген сезімі» деп, тар аяда қарастыруға болмайды. Адамның әдебі, адалдығы, тазалығы, сыйластығы, жанашырлығы, бағалауы, қамқорлығы махаббат тәрбиесін берсе керек. Махаббат асыл сезім болғанда, сол абзал қасиет өрісі төмен, парықсыз, көкірегі көр жанға қонақтауы мүмкін бе? Демек, махаббат – тазалықта, адалдықта, жақсылықта көрініс береді. Махаббатқа жалаң тәрбиелеп, жетістікке жете алмайсың.
«Махаббатсыз дүние бос», – дейді Абай. Абайдың дүниеге деген көзқарасымен айтылған сөз. Бұл – үлкен махаббат сезімін бастан кешпеген адам бақытсыз, өмірді босқа сүрді дегендік емес. Әркім берілген өмірді өз мүмкіндігіне сай өткізеді. Біз жастарға Қозы мен Баянның, Төлеген мен Жібектің, тағы да сол сияқты махаббат үшін құрбан болған ғашықтардың махаббатын үлгі етеміз. Махаббат үшін өмірін қиюды үлгі етуге болмайды. Одан гөрі Естай мен Қорланның махабаты маңыздырақ. Өмір – қызық. Бойында асқақ сезімі бар адам, өзін де құрметтеуі тиіс.
Қорыта келгенде, тәрбиенің барлық түрін махаббаттың аясында қарастырып, «махаббат тәрбиесі» деп қарауға болады, немес барлық тәрбие бағыттарын жеке-жеке қарастырып, «махаббатқа дейінгі тәрбие» деп қарауға болады.
Махаббатқа тәрбиелеу керек делік… Биік махаббаттың сапаларын анықтайық, оған жастардың көзін жеткізейік, сендірейік, дайындайық. Бірақ осы барлық уақытта өз жемісін бере ме? Махаббатқа тәрбиелейміз деп жүріп, рухани жалғыздыққа немесе қиялға сенуге тәрбиелеп жүрмейік. Барлық адам мінсіз емес қой. «Қалай көрсең, сол қалпында сүй», демей ме? Махаббатқа өте жоғары талап қоймай, қайта өмірге тәрбиелеу керек десеңіз сөз басқа.

– Отбасының бақыты…
Өмірдегі ең қиын нәрсе – жалғыздық. Ал, жар сүйіп – тұрмыс құрғанға, өмірге бала әкелгендердің бәріне бірдей бақыт құшағын аша бермейді. Бақыт сонысымен де құнды шығар…
Әрине, адами санаң оянған соң-ақ, адамша өмір сүруге талпыныс керек. Үйлену, отбасын құру, тіпті балалы болу да аса саналықты қажет етпейді. Мәселе мол берілген мүмкіндікті қалай пайдалануыңда. «Бірінші байлық – денсаулық» мықты болса, өмірлік бақытың үшін күресесің толастамау керек. Рас, отбасында бақытты адам – шын мәнінде бақытты адам. Өз отбасында бағасы бар жанның өмірде орны да бар. Талантсың ба, дарынсың ба өз отбасың-ошақ қасыңда сыйың жоқ болса, үлкен мәреге жетіп алған бәйгенің құны көк тиын. Мықты болсаң, өз үйіңдегілер сүйсін. Соларға сүйікті бол. Қызметтегі, қоғамдағы бақытсыздықты сезінген адам, өзінің отбасында көңіл-күйін қайта келтіре алады. Ал, отбасында бақытсыз адам қоғамда, қызметте жасандылық жасауға душар болады. Жасандылық дегеніміз – өтірік… «Өтірікшінің шын сөзі зая» демекші, ондайлардың ісі мен сөзіне күмәнмен қарайсың. Яғни, қоғамды өркендетуі екіталай.
Отбасының бақытын жасау – екінші мәселе. Біз бәріміз сол жобаның құрылысшыларымыз.
Отбасы бақыты жұбай, бала, бақыт, сенім, тірек, мейірім, махаббат, сый-сияпат, қамқорлық ұғымдарымен қоса жылылық ошағы, әділетсіз әлемнен пана, өзіңді бар болғандығың үшін жақсы көретін, сенің оларды жақсы көретін ортаң ретінде әрбір адамға таныс. Жоғарыда айтылған пікірлердің бәрі осы отбасы бақыты арнасында тоғысады. Бақытқа талпынбас адам бола ма? Бірақ, жолын әркім әртүрлі іздейді. Сол жолда еңбектенеді, адасады, қиындықтарға кездеседі. Жететіндер де, жете алмаймындар да бар. Бақыт іздеу тәрізді ізгілік жолының жолаушысы болу да БАҚЫТ болар, бәлкім?
Сан жылдар тамыр жайған атеизм салдарынан, халқымыз дінімізге терең бойлай алмай, кез-келген сектаның жетегінде кетіп барады. Әйтсе де неше түрлі дау-дамайлар исламның төңірегінде болуын қалай түсіндіресіз?
Ислам діні төңірегіндегі дау-дамайдың көп болатынының өзіндік себептері бар. Ең бастысы діни сауатсыздық, әрине. Не нәрсенің діннің мәселесі, ал ненің діннен тыс алаңға тиесілі мәселе екенін ажыратпай, пікір білдірушілер бар. Кейбіреулер әдет-салттарды дінге айналдырып үлгерген. Біреулер мәдениетті дін санайды, ал біреулер анадан-мынадын естігендерін дін деп ойлайды. Ұзақ жылдар бойы діни зерттеулердің тұралап қалуы және жаппай діни сауатсыздық салдарынан бүгінгі күні аса күрделі ахуал қалыптасқан. Осының барлығын дұрыс жүйеге салу үшін біз ең алдымен Ислам дінінің бірегей бұлағы Құран Кәрімді басшылыққа алуымыз және оны жан-жақты зерттеуіміз шарт. Аллаh Тағала діннің бірегей бұлағы ретінде Құранды түсірген, онда қайшылық жоқ. Құран күллі адамзатты тура жолға бастаушы, хикметті кітап. Хикметті басқа жақтан іздейтіндер бар. Міне, дау-дамай осыдан шығады.
Халқымызда әулиелердің аруағына сыйыну, жатқан жеріне зиярат ету бер екендігі рас. Шынымен, халқымыз бұрыннан осыларға табынып, сыйынып келген бе? Яки адасушылық жолында болған ба?
«Халқымызда әулиелердің аруағына сыйыну, жатқан жеріне зиярат ету бер екендігі рас» дейсіз. Бұл сұрақтан гөрі мәлімдемеге ұқсайды. Егер «бар ма?» деп сұрсаңыз, былый дер едім; Қазақ халқы батысы (Каспий) теңізінен шығысы Ішкі Мұңғұлияға дейінгі ұлан- байтақ даланы мекендеген, көптеген ру-тайпалардан құралған халық. Біздің жерімізде ежелгі дәуірлерден бері қарай көптеген діндер мен наным-сенімдер жүріп өткен. Жібек Жолы бойындағы сауда керуендері сияқты көптәңірлі сенімдер мен біртәңірлі діндер алма-кезек таралып тұрған. Бүгінгі қазақ халқының негізін қалаған ежелгі түркі тайпаларында Исламға дейінгі кезеңде анимизм (рухқа табыну), тотемизм, натуризм, зороастризм (отқақұлдық), паганизм сияқты көптәңірлі нанымдар, яғни пұтқақұлдық болған. Ислам діні біздің даламызда шамамен 700-1000 жылдары аралығында үш жүз жылда бірте-бірте, саты-саты таралады. Сол ғасырларда Орталық Азия жерінде жоғарыдығы көптәңірлі сенімдермен қатар яһудилік (иудаизм), буддизм, манихеизм, маздакизм, христиандық діндері де болған. Осыншама көптеген діндер мен нанымдар тоғысқан аймақтағы халықтардың бірі ғана ұстануы немесе бір ғана тілді сөйлеуі ешқашанда болған емес. Ислам діні таралған сайын өзге діндер ақырындап жойыла бастады. Аяғында Исламият түркі халықтарының және Орталық Азияның бірегей діні болады. Дегенмен, бұрынғы діндердің кейбір жоралғылары.мен хұрафи сенімдері халық ішінде еміс-еміс сақталады һәм жалғасады. Қоғам мүшелерінің барлығының да бірегей интеллектуалдық деңгейде болуын күту мүмкін емес. Дін мәселесіне келгенде де жағдай тура солай. Қоғам мүшелерінің барлығының діни сауаттылығы, ислами сана-сезімі әрине бір деңгейде болған жоқ. Жоғарыдығы діндердің барлығында діни таптың бар екенін мұқият ескерелік. Бұл діндерде қоғам мүшелерінің айтарлықтай бөлігі шіркеу немесе мінәжәтхана қызметкерлерінен құралушы еді. Олардың саны көп және біліктері, дүнияуи байлықтары зор еді. Бұлардың ішінде ғасырлар бойы жалғасып келген діни тап өкілі әулиеттер болған. Міне, осылардың бір бөлігі ислам дінін шын жүректен қабылдаған жоқ. Олар сыртқы көріністе мұсылман болуға мәжбүр болғанымен, ішкі дүниелерінде бұрынғы сенімдерін жалғастырған. Кейбір екібеткейлер мұсылман үкіметін іштен іріту мақсатымен діннің таза қағидаларын бұрмалаумен шұғылданады. Дінге бөтен элементтерді кіргізуге тырысты, бұрынғы беделдерін пайдаланып, халықтың таза иманын бұлғау мақсатымен фитнә жасады, жалған риуаяттар таратты. Осының салдарынан кейбір жаңсақ сенімдер мен хұрафи нанымдар халық ішінде ислами сипатпен таратылады. Осының бірі – өлген адамдардың аруақтарынан көмек сұрау. Ислам діні бойынша адамдар тек қана бірегей құдірет иесі һәм жаратушы Аллаһ Тағаладан ғана жәрдем сұрайды. Құранның екі алғашқы сүресі Фатихада: «Саған ғана құлшылық етеміз және сенен ғана жәрдем сұраймыз!» делінген. Әрине, адамдар марқұм болңан жаұындарын, жақсы көрген адамдарын өлгеннен соң да ұмытпайды, оларды рахметпен еске алады. Бұл бір абзал қасиет. Алайда, адам баласының бәрі бірдей емес. Кейбір адамдар осы адами махаббатты шектен тыс деңгейге көтеріп жібереді. Адамзат тарихындағы пұтқа табынушылықтың пайда болу себептерінің ең бастысы осы адами махаббатың мөлшерін деңгейінен асырып тастау екені анықталған,
Белгілі бір «аруақтардың» басы-қасында жүріп, «сенім-сезім» бизнесін жасапалғандар көбейіп барады. Осындай фәни пенделердің кұн көріс құралына айналған және қолынан еш нәрсе келмейтін аруақтарға жаның ашиды…

рухани кемелдену сабагы
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх