...

Үмітсіз махаббат!!!

Оның есімі Мұрат еді,мен үшін ең ерекше , дара адам. Мен онымен 8-сыныпта таныстым, ол кезде Мурат 10-сынып оқитын.
Мен оны алғашында ойға алмай жүре бердім, сөйтсем мен оны ұнатып қалыппын. Екеуміз 2008 жылдың соңынан бастап жүрдік, мен оны жайлап күндер өте сүйе бастадым, ол да мені жақсы көретін. Алайда ол мектепті бітірген соң колледжге түсті, мінезі өзгере бастады. Мен оған бостандық керек, мазасын алмайын деген оймен уақытша айырылысайық дедім. Осылай екеуміз екі жыл хабарласпадық, мен оны мүлде үмытпадым, сосын өзім іздеп таптым, екеуміз қайтадан 2011 жылдың жазынан бастап жүрдік, мен сол кезде одан сұрадым “Мені сүйесін бе?” деп, бірақ ол жауап бере алмады, мен сондада үмітімді үзгем жоқ. Сонымен Астанаға оқуға түстім, ол Шымкентте қалды, екеуміз телефон арқылы хабарласып тұрдық, сол кездері ода өзгерістер байқалды, мені қатты қуантты, мен оны көруге қатты асықтым, оған расында ғашық болдым және біз мүлде ұрыспағанбыз. Менің ойымша сүйген адамдар бір-бірімен мүлде ренжіспеу керек. Уақыт бар кезде бір-бірін қадірлеп, өкінбестей сүйіп қалу керек.
Демалысқа келгенімде екеуміз кездестік мен сонда тағы сұрадым, ол сенімді болып “ия” деп жауап берді, бірақ кездескен кездегі оның үнсіздігі мені қатты қорқытты, соңында өзім қорыққан нәрсе болды, біз айырылыстық, енді мәңгіге, бірақ бәрі сияқты ұрысып емес, соңғы рет жай ғана сөйлесіп қоштастық,қазір өте қатты жылаумен жазып отырмын, менің оған ешқандай өкпем жоқ, себебі мен оны қатты сүйемін және оның жағдайын жақсы түсінемін, ол құпия болып қалсын. Менің жаным сондай қатты жаралы, бірақ “уақыт емші” деді ол, мен соған сенем уақыт өте ұмытылатын шығар, бірақ ұмыта алам деген сенімде емеспін. Үмітсіз деп атаған себебім, екеуміз отырып қаншама нәрсе армандасақта ешқайсысы оның орындалмайтынын білдік, мен оның жолы ашық болғанын қалаймын, арманы орындалса екен деймін, өз-өзін тапса деймін, біз екеуміздің жағдайымызды бәлкім ешкім түсінбес, түсінетін екеуміз ғана болып қаламыз, мұнда айтылмаған нәрселер өте көп, олардың бәрі де құпия. Рахмет көңіл бөліп оқығандарыңызға! Өзіңізді сүйетін адамды бағалай біліңіздер!

умитсиз махаббат,казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх